MadMen тобы нені құпия қалдыруды жөн көрді?
Өткен аптада «MadMen” тобының сері жігіттері Алматы клубтарының бірінде жанкүйерлерімен кездесуін ұйымдастырды. 5 жігіттен құрылған q-pop жанрындағы бұл құрам бір айға созылған кішігірім турларын осымен тәмамдады.
Рахат Масақбай:
Бүгін Алматы қаласында біздің кішігірім турдың соңғы бөліміне жеттік. «Mad Tour” атты біздің кішігірім тур. Негізі, барлығы жақсы өтіп жатыр. Халықтың қолдауы, барлығы – күшті болып, ұнап тұр.
Оңтүстік астанадан бөлек, бойзбенд бір айдың ішінде Астана, Тараз, Шымкент, Талдықорған, тіпті, көрші елдің астанасына да барып үлгерді.
Рахат Масақбай:
Негізі q-pop тобы болып Бішкекке алғаш рет бардық. Жаман емес. Бәрі ойлағыдай болып шықты.
Жігіттердің айтуынша, қоржынында жарық көрмеген екі өлеңдері бар екен. «Періштем» атты бірінші тректі топ аналарына арнау етсе, соңғысын құпия қалдыруды жөн көрді.
Рахат Масақбай:
Енді бейнебаян түсіріп, жуырда шығарамыз. Мәтінін жазған Мәдияр Әлінұров, ал әнін жазған мен. Бізді қолдап жүргендеріңізге көп-көп рақмет. Біз өте бақыттымыз. Әрқашан сіздердің үміттеріңізді ақтауға тырысамыз. Жазда камбэк күтіңіздер! / Жігіттердің Алматыдағы өнер көрсетуінің толық нұсқасын сайтымыздан тамашалай аласыздар.