"Black Dial" тобын таратты ма?
YB Entertainment Ravens-терді таңқалдыратын мәлімет жасады!
Q-pop әлемінде үлкен өзгерістер орын алуда! Кеше ғана Newton тобы көшбасшының кеткені туралы хабарласа, енді Black Dial бойзбенді өзінің құрамын өзгертпек! Black Dial тобындағы Ескелді Қуандық пен Самат Қазмағамбетов топтан шықты. Бұл жайлы YB Entertainment бүгін өткізген пресс-конференциясында хабарлады. Қос рэппердің топтан кету себебі әзірше белгісіз, бірақ жігіттер артқан үмітті ақтамаған соң, продюсерлік орталық олармен келісім-шартты үзді. Сонымен қатар, жігіттер "жұлдыз ауруына" шалдыққан көрінеді.
Компания продюсері, Бота Ерімбет:
«Біздің компаниямызда олар "L" және "Teddy" атты лақап аттарымен өнер көрсеткен. Келісім-шарт үзілген соң, лақап аттар мен әр мүшеге бейімделген инстаграм мен басқа да әлеуметтік желідегі парақшалар компания меншігінде қалады».
Сұхбат барысында жігіттердің инстаграмдағы жеке парақшаларын біреу иемденіп алғандықтан, желідегі жарияланатын ақпарат үшін компания еш жауапкершілік көтермейтіндіні туралы мәлімдеді.
Бірақ сіз үшін жағымды жаңалықтакрмымыз да бар! YB Entertainment жаңа таланттарды іздеуге дайын, сондықтан жақын арада кастинг жариялайды. Бірақ алдын ала келісім-шартты оқыған абзал. Себебі YB Entertainment шарты бойынша, бойзбенд құрамынан шыққан қатысушы келісім үзілген сәттен бастап жеті жыл бойы басқа топтарда өнер көрсете алмайды.
Есболат Беделхан, компания продюсері:
"Олар біздің талаптарға сәйкес болуы керек. Өнер жағынан да, адамгершілік жағынан да талаптар жоғары болады. Оны кастинг барысында ескертеміз".
Жігіттердің топтан кетуінің басты себебін білмесек те, бір анығы - Black Dial тобы сахнаға қайта оралады! Бірақ қашан оралатыны әзірше белгісіз. Ал сіз бұл жөнінде не ойлайсыз?
Пресс-конференцияның толық нұсқасын сайтымыздан таба аласыздар.