“Ninety One” тобындағы Азаматтың досы AJ бірігіп жазған әнге бейнебаян таспалады
Араға сегіз жыл салып, “Ninety One” тобындағы Азаматтың досы AJ бірігіп жазған «Алло-Алло» әніне бейнебаян таспалады. Ал біз түсірілім алаңынан эксклюзивті кадрларды ұсынамыз!
Асхат Жалғабай, әнші:
Менің екі жаңалығым бар. Біріншісі – камбэк, жаңа бейнебаян. Бейнебаянның атауы - «Алло-алло» деп аталады. Бұл өзімнің репертуарымда бұрыннан бар ән. Бұл әнді кезінде Азамат Зенкаев досыммен бірге орындаған болатынбыз. Кейін ол топқа кіріп, бұл ән кішкене ұмыт қалды. Кейіннен ол әнді жаңадан шығару ойыма келді. Оған екінші дем беруді ұйғардым.
Асхат Жалғабай, әнші:
Авторы – өзіміз. Кезінде Азамат екеуміз 2011 жылы жазған болғанмыз. Әнді де, сөзді де бірігіп шығарғынбыз. Қазір өзімнің нұсқамда жаңадан шығардым.
Әдетте «Алло» әндері қыз-жігіт қарым-қатынастарын көрсететін әнге ұқсайды. Осы жолы қалай болар?
Асхат Жалғабай, әнші:
Әніміз махаббат туралы. Жігіт пен қыздың арасындағы қарым-қатынас. Қазір жастар ұялы арқылы сөйлеседі ғой, бір-бірін іздейді. Сол туралы ән.
Туындыны өзінің жеке нұсқасында шығартқалы жатқан 88 Entertainment шәкірті бейнебаянды 12 сағаттың ішінде таспалап үлгерген. Оған қоса, осы жолы Асхаттың актер шеберлігіне де баға бере аласыз.
Асхат Жалғабай, әнші:
Бейнебаянды «Аквапаркте» түсірдік. Әніміздің көңіл-күйіне сай болсын деп және де қазір қысқы уақытта көпшілікке жаздық сағынышты басу үшін, жылу беру үшін түсірдік. Бұл бейнебаянда көптеген ерекшелік бар. Бірінші ерекшелік – бұл әнде мен бірінші рет мелодикалық рэп орындаймын және де өзімді актерлық қырымнан көрсететін боламын.
Асхат Жалғабай, әнші:
Ең ұзақ түсірілім болған. Кешкі тоғыздан таңғы тоғызға дейін жұмыс істедік. Судың ішінде болдық. Су өте суық болды. Негізі көптеген қызықтар болды. Жалпы, ұнады барлығы. Көңілден шықты. Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген ойдамын.