Телехикаялар

Ауылдастар
Қаланың еркіндігінде еш қамсыз өмір сүріп жүрген жігіт, әскерден құтылу үшін, ауылға жол тартады. Нағыз еңбекке тап болған Айбек - өмірдің екінші қырымен танысуға мәжбүр! "Вузеры", "Патруль" сынды көрерменнің көңілінен шығып үлгерген топтамалардың авторларынан тағы бір сыйлық - жаңа комедиялық хикая! Қалалық жігіттің ауылдағы қызықтарын бірге тамашалайық!
Айжан
Бұл өмірін біржолата өзгертуге шешім қабылдаған батыл және аңғал қыз туралы хикая! Туған ауылынан үлкен мегаполиске көшіп, Айжан жолында бай отбасынан шыққан жігітті кездестіреді. Жүкті болып қалған Айжанды, жігіті үйлену тойына аз уақыт қалған кезде тастап кетеді. Жалғыз қалған Айжанның алдында қиын таңдау тұр - үлкен қалада баласын қолында ұстап тұру, немесе ауылға ұятпен оралу.
Қазақпыз ғой
Юморға толы астары бар, әзілі мен шындығы қатар жүретін жаңа бағдарлама! Алты түрлі скетчкомнан тұратын 20 минуттық күлкінің кепілі десек те болады. Актерлермен бірге хандық дәуірге саяхат жасап, өзіңізді Үнді телехикаясының қақ-ортасында сезініп, екі бірдей аңғалақ тергеушілер мен келбеті келіспеген даяшы қыздың оқиғаларын, оңай ақша тапқысы келіп жүрген жолы болмағыш Секаны, «Тез-шоу» бөліміндегі елден-ерекше қонақтардың қызығын тек осы бағдарламада тамашалай аласыз!
Зауал
Сюжеті көптеген қазақстандық отбасылардың шындығына ұқсас отбасылық мелодрама. Бір қарағанда Айдаровтар отбасы өте табысты және тату көрінеді. Бірақ бұлбір көргенде ғана. Үлкен ұлы үйге жас қалыңдықты әкелгенде, кенеттен бәрі аяғынан басына қарай өзгереді. Жас келіннің дау-шарлары, айқайлары ата-анасын ұлының таңдауы туралы ойлануға мәжбүрлейді.