Бағдарламалар

TABOO
Жоба форматы –сұхбат. Жүргізуші келген қонақтың бейнесін сұрақ қою арқылы, шебер аша отырып,оны ашық әңгімеге тартады. Біз осы заманның өзекті, taboo тақырыптарын талқылаймыз. Көрермендер ең маңызды сұрақтарға жауап таба алады. Қонақтар – танымал адамдар,блогерлер, өнер адамдары және шоу-бизнестен болмаса да, жаңалықтары немесе іс-әрекеттері арқылы жетістікке жеткендер.
Қызық LIVE
«Қызық Live» шоуының жүргізушілері – еліміздің басты комиктері Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек, қоғамда резонанс тудыратын оқиғалар мен тұлғаларды ерекше сезімталдықпен анықтайды. Танымал қонақтар – өнер адамдары, желі жұлдыздары, атақты спортшылар, ньюсмейкерлер. Жүргізушілердің астарлы әзіл сұрақтары, харизмасы және күтпеген импровизациялары аясында барлығы көрермендерге жаңа қырынан танылады.
Ұ-Night show Жұма 18.00
Стенд-ап, көрініс, миниатюра, музыкалық юмор және пародия! Мұның бәрі юморлық шоудың жаңа маусымында! Басты кейіпкерлердің әрқайсысының ерекше сөйлеу стилі, менталитеті мен кез келген оқиға мен өмірге қатысты жеке көзқарасы бар. Себебі әзілкештердің бәрі әр түрлі аймақтан жиналған. Бұл өзгешіліктер өзара түсініспеушілікке, лингвистикалық оқиғалар мен ыңғайсыз жағдайларға, көптеген әзілдердің туындауына негіз.
Такси
Ең ерекше такси қайтадан жолға шықты! Мұнда жолаушылар діттеген жеріне тегін жетіп алуға ғана емес, жүргізуші Мұрат Оспановтың қиын сұрақтарына дұрыс жауап беріп, ақша ұтуға мүмкіндігі бар! Ең қажет нәрсе – ойлау қабілеті, интеллект және эрудиция!
Опмай – опмай
«Опмай – опмай » бағдарламасы көрермендерге шоу-бизнес әлеміндегі  ең қызықты жаңалықтар мен керемет оқиғаларды ұсынады! Шоу-бизнес, кино, сән әлемінің ең танымал жұлдыздары «НТК» арнасының көрермендерімен  өнердегі жеңіс пен жеңілістері, жеке өмірлеріндегі оқиғалар мен қызықты сәттерімен бөліседі. Жобаның мақсаты – бағдарлама кейіпкерлерін әртүрлі өзіндік қиындықтары бар қарапайым адам ретінде көрсету. Отандық танымал адамдардың өмірі туралы тың әңгімелер, қызықты сұхбаттар мен эксклюзивті жаңалықтардың куәсы болыңыздар!
REVUE WEEKLY
Мінсіз жексенбілік кеш әдетте қандай болуы керек? Әрине көңілді әрі қызықты! «REVUE WEEKLY» әр апта жұлдызды қонақпен шоу-бизнес жаңалықтарына қорытынды жасап, трендтегі тақырыптардан хабардар етеді. Ән де, сән де, киноны да талқылауды ұмытпаймыз! Сіз де бізге қосылыңыз! Жұмыс аптасының алдында Нұрсұлтан мен Анар сіздерге позитив сыйлайды!
OZGE
Жаңа форматтағы музыкалық арнайы жоба. Осы жобамен біз интернет көрермендеріне Қазақстанның музыкалық индустриясының алтын хиттерін еске салғымыз келеді. Бүгінде көптеген жас орындаушылар аға буынның музыкасынан шабыт алады. Олардың бейнелерін қарап, әндерін тыңдағанда біз ерекше күйге енеміз. Жаңа жоба аясында жас орындаушылар культтік қазақстандық әндерді жаңа аранжировкада орындайды.
OZMZ ғой Жұма 17.35
Дәулет Исраил, Абзал Қамбаровкез келген қонақты сөйлетіп, күлкіге қарық қылады! Жұлдыз ньюсмейкерлер, ойындар мен сан алуан эмоциялар! Қысқасы, бәрі НТК-ның стилінде!
Жұлдызды Weekend
Ата-енелерімен бірге тұратын Аша Матай мен Салтанат Бақаева демалыс күндерін қалай өткізеді? Нұрболат Абдуллин тау шаңғысымен сырғанаауды білмейді ме, ал Әбдіжаппар Әлқожа биіктен қорқатыны рас па? Иә, рас! Бірақ біздің бағдарламамызда олар өз қорқыныштарымен күресіп, өздерінің демалыс күндерін қалай қызықты және ұмытылмас өткізетінін көрсететін болады!Бұл бағдарламада атақты адамдардың жеке өмірінің барлық құпия сырлары ашылады. Эксклюзивті түсірілім, қызықты сұхбат, және ең бастысы, көрермендер сүйікті әртістерін шынайы көре алады!
Айналайын баладан
Қазақстанда тұңғыш рет! Жылдың ең үздік жобаларының бірі – «Айналайын баладан» реалити-шоуы! Бойдақ өмірмен қоштасып ерке, тентек, сотқар, сүйкімді балақайлармен бір күнді өткізеді. Танымал вайнер мен балалардың бірлесе бастан өткізген хикаяларын өткізіп алмаңыз.
Jol.
Jol. – Қазақстан жастарының субмәдениетінің қазіргі даму тенденцияларын көрсететін деректі фильм. Әрбір фильмнің кейіпкері көрерменге бейресми сұхбат аясында таныстырылады. Бұл интервьюде іс-әрекет пен қосымша дыбыстар қатар жүреді. Осылайша, біз Қазақстанның барлық маңызды әлеуметтік-мәдени өмір салаларын қамти отырып, көрерменді оның табысты замандасымен, мүмкін, құрдасымен таныстыруды мақсат етіп отырмыз.
Сан сауал
Суицид, буллинг, ерте жүктілік, өгей ата-анамен қиын өмір, тұрмыстық зорлық-зомбылық және нашақорлық! Жасөспірімдердің шынайы оқиғалары! Жасөспірімдерге, ата-аналары мен мұғалімдерге өтпелі жастағы мәселелерді шешуге көмектесетін психолог-мамандардың қатысуымен өтетін әлеуметтік-психологиялық драма.
Пәтерник
Жаңа жылдық жылы кешті сүйікті әртістеріңізбен бірге «Пәтерник» бағдарламасында біздің НТК арнамыздан тамашалаңыз!
Седьмое чувство
Алғашқы кездесуден-ақ ғашық болу мүмкін бе? «Сезім» реалити-шоуының қатысушылары мұны өздеріне сынап көрмек! Жоба қатысушылары (жігіт және бойжеткен ару) лайықты деген екі үміткер арасынан жүрек сыңарын таңдауы тиіс. Тапсырма оңай емесі анық! Өйткені қатысушылар көз жұма таңдауы тиіс! Дұрыс таңдау жасап, оның үстіне нағыз махаббатын жолықтыра алар ма екен?
«Қалай қарайсың?»
Бұл бағдарламада көрермен «үнсіз» бақылаушы болудан музыкалық өнімді сынайтын, толыққанды өз ойын білдіре алатын кәсіби сыншыға айналады. Ұлттық ұстанымды қолдайтындар мен новаторлар арасындағы дау ток-шоудың басты драматургиялық нысаны. Дау-шындыққа жетелейді! Ал шындық- сапалы бейне-контент бұл ұлттық мұра екендігі және келер ұрпақтың жадында қалар алтын мұра екендігі.
Qara Beri
Қазақ телевизиясындағы алғашқы басты хип-хоп жоба! Жас, амбицияға толы, талантты рэп-орындаушылар алғаш рет отандық музыкалық тарихы бар жобаның бір бөлшегі болып қана қоймай, еліміздің хип-хоп субмәдениетін жаңа деңгейге көтеруге атсалыспақ! Алайда, «Отандық үздік рэпер» атану үшін жоба қатысушылары талай сынақтан сүрінбей өтулері тиіс. Конкурсанттарды еліміздің үздік продюсерлері бағаламақ. Ал тәлімгерлер ретінде еліміздің атақты хип-хоп орындаушылары қатысушыларға көмек қолдарын созбақ. Жеңімпаз дебют алып қана қоймай, еліміздің үлкен музыкалық лейблімен келісімшартқа отырады. Қызық па? Бұл әлі бастамасы ғана! НТК арнасынан бұрын соңды болмаған тың жоба «Qaraberi» жұма күндері сағат 22:20-да тамашалауға шақырамыз!
Бір даланың балалары
Әлеуметтік бейнетаспалардан жинақталған «Бір даланың балалары»  жобасы еліміздің болашақ ұрпақтарын ақпараттандыруға арналған. Таңғажайып табиғи құбылыстарға толы Қазақстанның барлық аймақтарында билеушілер, батырлар өмір сүрген.
REVUE ONLINE
Ревю енді онлайн! Арнайы жоба карантиндегі көрермен мен шоу-бизнес өкілдерін тікелей эфир арқылы байланыстырмақ! Бағдарламаның әр санында жүргізуші Нұрсұлтан Есжан отандық жұлдыздармен байланысқа шығып, төрт қабырғаға қамалған танымалдардың шынайы өмірін көрсетеді. Жоба барысында танымалдар сұрақтарға шынайы жауап беріп, түрлі ойын ойнап, көрерменнің көңілін көтреуге тырысады.v