«Кинг-Конг» қайта оралды. АҚШ-та фантастикалық ремейктің тұсауы кесілді

Сообщить о проблеме с эфиром
Том Хидллстон, Бри Ларсон, Сэмюэл Л. Джексон! Актерлық құрам кіл жауһарлардан жасақталған! «Конг: Остров черепа» картинасының Лондондағы тұсаукесеріне жиналған киносыншылар өз үкімін айтты. Кинематография тарихындағы атышулы Кинг-Конг пен Годзилланы қосқан «Конг: Остров черепа» картинасының тұсауы, әуелі тұманды Альбионда кесілген еді. Бүгін Том Хиддлстон, Бри Ларсон, Сэмюэл Л. Джексон Лос-Анджелес төріне төселген қызыл кілем салтанатында бой көрсетті. Том Хиддлстон, актер: - 2014 жылдың наурыз айында осы картинада бой көрсетуге ұсыныс түскенді. Бірден келістім. Себебі, бұл менің балалық шағымның тәтті естелігі. Кинг-Конгты біз отбасымызбен бірге, бірнеше рет қайталап көруден жалықпайтынбыз. Оқиға өткен ғасырдың 70-ші жылдарында өрбиді. Құпия ұйым бұрын соңды адам аяғы баспаған аралға аттанып, приматтардың төресі Конгпен жүзбе-жүз келеді. Бұл жолғы маймылдың бойы 30 метр болғандықтан, кино тарихындағы ең ірі құбыжық саналады. 190 миллион доллар жұмсалған фильм табысты боларына көпшілік сенеді. Бри Ларсон, актриса: - Фильмді көріп отырып, өзіңіз де сол оқиға ортасында жүргендей әсерге бөленесіз. Мен үшін бұл картинаның орны ерекше. Себебі, талай тұлғамен таныстырды, табыстырды. Мехикоға барып, Фрида Калоның мұражайына кіргенде, ерекше шабыттанып шықтым. Бұл маған тапсырылған рөлді алып шығуыма да жәрдемдесті. «Конг: Остров черепа» біраз актердың қанжығасын «Оскармен» майлауы мүмкін дейді киносыншылар.