Берік Айтжанов пен Аша Матай арасындағы махаббат оты қайта тұтанды!

Сообщить о проблеме с эфиром
Хакерлердің құрығына іліккен Диснейдің жағдайын Қанағат Мұстафин жақсы түсінеді. Дайын жобаны қарақшылар қолды қылса, режиссер үшін одан артық қасірет жоқ шығар. Бүгінде «16 қыз» картинасының жалғасын таспалап жатқан Қанағат, бөтен адамды түсірілім алаңына жолатқысы жоқ. Өткен жылдың наурыз айында үлкен экранға жол тартқан «16» қыз картинасының кассалық табысы 80 миллионды құраған. Қомақты қаржыға кенелген түсірілім тобы, енді комедияның жалғасын таспалауды бастады. Қанағат Мұстафин, режиссер: - Аша мен Беріктің, жаңағы Айжан мен Бауыржанның балалары туады, егіз баласы болады. 16 қызды солай аяқтап едік қой. Енді бұйырса тұсаукесерден басталады кино! Яғни оқиға 1 жылдан кейін жалғасады деген сөз. Иә, комедияның жалғасы «Ең сұлу қыз» деп аталады. Жоба авторлары режиссерға сценарийдің 8 нұсқасын жазып ұсынған көрінеді. Қанағат Мұстафин өз кезегінде, фильм желісінде қазақы салт-дәстүр насихатталып, достық пен адалдық сынды адами қасиеттер суреттелетін сюжетті таңдаған. Комедия отандық көрерменге таңсық - роуд-муви жанрында таспалануда. «16 қыз» картинасында өмірлік жарын іздеген Бауыржан, енді Самат есімді досына қалыңдық тауып бермек. Бірақ, сүйгені тез жолыға қоймайды. Қанағат Мұстафин, режиссер: - Алматыға келіп... бірақ оларды, біздің басты кейіпкерлерімізді ұрылармен шатастырып алып, арттарынан полиция, мафия түседі. Бірақ олар ешқандай қылмыс істемей, өздері де білмей, сөмкелері ауысып кетеді. Сондай неше түрлі шытырман оқиғаға тап болады. Бүгінгі түсірілім алаңы дәл сол криминалды оқиғаны суреттейді. Ал, подполковниктің рөліне Кентал таңдалыпты. Кентал, әнші: - Бала кезімнен өзім көрген образдар ғой. Ағам милицияда істеді. Сосын қазір туыстарым бар полицияда істейтін. Жақын жолдастарым бар. Майорлар, милиция, ГАИщниктер бар. Сондықтан жақсы білетін, жақсы білетін образдың бірі. Ал, «Ең сұлу қыз» комедиясы осы жылдың күзінде қалың көпшілікке ұсынылатын болады!