#ӘжесініңБаласы! Ата-анасынан ерте айырылған Луина, туған күнінде айтылмаған сырларын ақтарды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал, Луинаның меншікті мерекесі нағыз сағынышқа толы кеш болды. Отандық шоу-бизнестің ортасында 30 жасын атап өткен әншінің әжесіне айтар алғысы шексіз. Өйткені, 5 жасында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған өнер иесінің бүгінгі жетістігі сол кісінің арқасы...

Отандық шоу-бизнеске ЛУИНА есімімен танымал Луиза Қарынбаева әке-шешесінен ерте айырылып, ата-әжесінің қамқорлығында болған. Қарапайым жанұяда өскен ол әнші болуды армандағынан айтады. Оның бала қиялына қанат бітірген әжесі немересінің әр қадамын қолдап, жетістіктеріне қуанады. Луина, әнші: - Мені осы уақытқа дейін бағып-қағып, өсірген әжеме алғысым шексіз. Осыдан 7 жыл бұрын атам қайтыс болды. Ол кісі 5 уақыт намазын оқыған, имам болатын. Жұмыс кестесіне байланысты әжеме жиі барып тұруға мүмкіндік бола бермейді. Сондай сәттерде мені сағынып, ешкімге көрсетпей көз жасына ерік беріп, жылап алады екен. Әнші күні кеше 30 жас мерейтойын әріптестерінің арасында атап өтті. Бала арманы орындалып, ән әлемінде өзіндік орынын қалыптастырған Луинаның ендігі жоспары қандай?! Айдай Исаева, «Қазақстан аруы – 2013»: - Әр қыз баласына тұрмысқа шығу... Қыз мұрат кету демекші... Луинаның өзі қазір бақытты деп ойлаймын. Бәрі айтады тұрмысқа шық деп. Менің ойымша жігіті сөз салса екен деп, бәріміз айтамыз қайта-қайта. Бірақ айта берудің де қажеті жоқ! Қызға айта берсең қашқақтай береді дейді. Луина өмірлік жары болар жігітті осыдан 7 жыл бұрын жолықтырған. Ол азамат алғашқыда продюсері ретінде өзін таныстырса, кейін сүйіктісі атанып үлгерді. Рано Умарова, әнші: - Өнер жолын таңдаған қыздардың көпшілігі тұрмыс құруға асыға қоймайды. Өйткені, мансап қуып, танылуды көздейді. Мәселен, солардың тізімінде мен де бармын. Сондықтан, Луина алдағы уақытта тұрмысқа шығып, ана атанып үлгереді деп ойлаймын. Ал, әншінің отандық шоу-бизнестегі ет-жақындары той ауылының алыс емес екеніне сенімді. Олай болса, Жомарт пен Луианың қыр астындағы қуанышында қауышайық!