«Жұлдызды айқас» кинокартинасында өзгерістер бар

Сообщить о проблеме с эфиром

Қиял-ғажайыпқа құштар көрерменнің көзайымына айналған «Жұлдызды айқас» кинокартинасында өзгерістер бар.

Тарихы 1976 жылдан бастау алатын франшизаның жалғасын түсіремін деп, білек сыбана жұмысқа кіріскен Филипп Лорд пен Кристофер Миллер, жобадан мүлде бас тартпақ. Лукасфильм президентінің айтуынша, өнер иелерінің ат тонын ала қашуына «шығармашылық қайшылықтары» себепші екен.

Бұл келеңсіз жағдайға қарамастан, туындының жалғасы көрерменге 2018 жылдың мамырында жол тартады деп күтілуде. Ал, қызметін босатқандарды жуық арада жаңа режиссерлар алмастырады.