«Жұлдызды айқас» франшизаның табынушылары Орландоны бастарына көтерді

Сообщить о проблеме с эфиром
1976 жылы Джордж Лукас «Жұлдызды айқас: соңғы үміт» картинасын таспалауды бастағанда, киносыншылар оның табыстылығына күмән келтірген болатын. Себебі, ол кезеңде фантастикаға құштар көрермен сирек еді. Небәрі 14 беттен тұратын сценарий де, көптің көңілінен шыға қоймады. Бұған қоса, Тунистегі шөл далада түсірілім басталған бойда, толлассыз жауған жауын астында қалған бүкіл техника күйіп кеткен еді. Кезіккен қиындықтың бәріне төтеп берген олар, 1977 жылы 25-ші мамырда фильмнің тұсауын кесті. Харрисон Форд, актер: - «Жұлдызды айқас» - біздің шынайы өміріміздің көрінісі. Сондықтан оны бәрі жақсы көреді. Марк Хэмилл, актер: - Біз шынайы қарым-қатынасты көрсете алдық. Танымалдылығының феномені осында. Билли Ди Уильямс, актер: - 40 жыл бір адамның ғұмыры ғой! Осыншама уақыт танымалдылығын жоғалтпағаны қуантады! «Жұлдыздар айқасын» менің немерелерім де жақсы көреді. Сондықтан, әлі 40 жыл осы биігінен таймаса керек. «Lucasfilm» студиясы саганың 40 жылдық мерейтойын лайықты атап өтуді қалаған. Сондықтан, «Жұлдыздар айқасына» қатысты 99 суреттен тұратын көрме ұйымдастырды. Бен Польхем, «Жұлдызды айқас» табынушысы: - «Жұлдыздар айқасының» әр бөлімі шыққан сайын денеме бір суреттен салып отырдым. Сондықтан, жаңа тату жасату мен үшін үлкен мереке! Осымен тоқтап қалмақ емеспін! Көрмеде жаңа фильмнің кадрлары да көрсетілді.