vlcsnap-2017-08-07-10h18m08s876

Үздік актер, дарынды режиссер, тың туынды. Бұл маусымның киножаңалықтары сіздің назарда!

 

Үздік актер, дарынды режиссер, тың туынды. Бұл маусымның киножаңалықтары сіздің назарда!

Көптеген отандық кинокартиналардың жабық көрсетіліміне қатысып, фильмдерге алғаш бағасын берген де «Ревю» тілшілері дер едім! Бұл маусымда талай актердің мансап жолында бағы жанса, ел көрермендерінің төл туындыларға да ықыласы артқаны байқалады. Кино саласының биылғы тың жаңалықтары жайлы тілшіміз айтсын…

Киногерлер қауымы сапалы дүниемен көз қуантып, алуан түрлі сюжетті арқау еткен картиналарды дүниеге әкелді. Тіпті, бұрын-соңды түртілмеген тақырыптар да қозғалды. Мәселен, ене мен келін текетіресін баяндаған «Келинка тоже человек» фиьмінің табысты боларын кім білген…
Келинка тоже человек
Шынайы оқиғалар да назардан тыс қалмады. «Ақерке, мен сені сүйем» картинасының желісі өмірден алынған.
Я люблю тебя, Ақерке!
Одан бөлек, маусым өнер жұлдыздары үшін де жемісті болды. Тәуекел Мүсілім тұңғыш толықметрдегі бағын сынап көрген еді.
Тәуекел Мүсілім, актер:
Режиссердің атқаратын жұмысын айтып өту керек те. Киноның режиссері Руслан Абуовқа үлкен рахметімді айтам.
АҚШ, Қырғызстан мен Қазақстан үшін ортақ «В поисках мамы» жобасынан өзге, актер «Все иза за мужиков» картинасына қатысып үлгерді.
Все из за мужиков
Ал, вайнерліктен киноға бет бұрған Шәріп Серік дарынымен танылып қана қоймай, екінші пландағы «үздік ер адам рөлі» үшін киносыншылар таңдауының арнайы марапатын еншіледі.
Шәріп Серік, актер:
Бұл менің толық метрлі бірінші кином. Сондықтан, осы «Районы» киносында өзімді 120 пайыз толық шығаруға тырыстым.
«Анаға апарар жол» картинасында басты рөлді сомдаған Алтынай Нөгербекті де бұл маусым құр алақан қалдырмады. Өнерпаз, Еуразия кеңістігінің үздік актрисасы атанып, «Тұлпар» марапаты мен киносыншылар таңдауының «Ең үздік әйел адам рөлі» сыйлығына ие болды.
Анаға Апарар жол
Отандық киногерлер көременді таңқалдыртпақ ниетте, түсірлім алаңына шет елдік актерлерді де шақыруда. Нұрлан Қоянбаевтың «Бизнес по казахски» туындысына үндістандық Сиддхартх Шукланың өзі қатысты.