«Хач» Амиран Сардаров өзімен аттас шақалаққа бес жарым миллион теңге сыйламақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

1 миллион рубль әуе кемесімен қанша рет ұшуға мүмкіндік берер екен?! Айтарлықтай көп емес әрине! Бірақ, бұл қаржы өмір есігін таяуда ашатын бір сәбиге бақытты балалық шақ сыйлары хақ! Мұндай уәдені Ресейлік атақты блогер, «Дневник хача» влогының авторы – Амиран Сардаров берді. Айтуынша, ұл бала күтіп жүрген ата-ана, болашақ сәбилеріне Амиран есімін еншілетсе, ол мәрттік танытып қалталарына бес жарым миллион теңге салмақ.

Бұған қоса, блогер бірнеше міндетті талап қойып отыр. Бірінішіден, миллионның иегері атанатын шақалақ көпбалалы отбасында өмірге келуі қажет. Сардаров нәрестені босандырып жатқан сәтте қасында болып, видеоға түсіруге құлықты. Кіндігін өзім кессем деген ниеті де жоқ емес.