Стиви Уандер фотосессия үшін емес, шынайы өмірде өз ғашығын әлемнің ең әсем гүлдерімен көмкеруге ниетті

Сообщить о проблеме с эфиром

Стиви Уандер фотосессия үшін емес, шынайы өмірде өз ғашығын әлемнің ең әсем гүлдерімен көмкеруге ниетті. 67-жасар әйгілі музыкант үшінші рет шыңырақ көтерді!

Алайда өнер иесі, көптен күткен қуанышын көпшіліктен жасырып қалуды жөн көріпті. АҚШ басылымдары Стиви Уандер мен модель Томика Робин Брэйсидің тойы Лос-Анжелестегі қонақүйлердің бірінде өткен деседі. Салатанатты шараның басты мейманы болған әнші Ашэр, той иелерінің қунышымен ортақтасқан.

2010-жылы көңіл жарастырып, күні кеше отау құрған Стиви мен Томиканың арасы 25-жас! Бірақ, махаббатың ештеңеге қарамайтындығына сенген қос ғашық, өздерін өте бақытты сезінеді.

Ал, Мадонна көңіл көтеретіндей жағдайда емес. Әнші өзінің экс-көмекшісімен соттасып әлек. Қол астында қызмет еткен Лутц есімді сылқым, өнер иесінің заттарын ұрлап, арнайы аукционға қойған.

Мадонна Лутцпен бірінші рет жанжалдасып жатқан жоқ. Әнші көмекшісін алғаш рет 2005 жылы 336 мың доллар ұрлады деп, айыптаған болатын. Бұл жолғы істің немен тынары уақыт еншісінде!

Америкалық әнші Деми Ловато «Sorry Not Sorry» әніне түсірілген өзінің су жаңа бейнебаянын көрермен қауымға паш етті. Ыстығы басылмаған туындыда Пэрис Хилтон мен Джейми Фоксты байқауға болады. Он алты сағатта 6 млн қаралым жинаған бейнебаян, аз уақыт ішінде «Билборд Хот 100» тізімінің 52 орынына жайғасып үлгерді.