vlcsnap-2017-07-14-10h12m10s339

Шоқан Маратұлы мен Әнел Баталовалардың бал айы басталды! Жас жұбайлар саяхатқа қайда аттанды?

Жұбайым екеуміз бал айын романтикаға толы мекен – теңіз жағасында өткізгенді дұрыс деп шешкен едік! Таяуда ғана дүркіретіп тойын жасап, құсын қолына қондырған Шоқан Маратұлы болса, керісінше еуропалық саяхатты ұйғарыпты. Жары – Әнел Баталова екеуінің сапарлары Карловы Варыдан басталды.

Бұрынғы әлеуметтік желілердің белсендісі Шоқан Маратұлы, шаңырақ көтергелі парақшасына сурет жүктеуді сиреткен! Уақытының басым бөлігін сүйіктісі – Әнел Баталоваға арнауды жөн санаған болар.

Ғашықтардың бал айы тура отыз күнге созылмақ. Әуелі жас жұбайлар махаббат мекені – Карловы Варыға табан тіреді. Әсем Тепла өзеніне барып, Чехияның көрікті мекендерін аралаған соң, олар жергілікті асханадан дәм татты.

Шоқан мен Әнелге қарағанда экс – Аюмилік Айдана мен Әнуар Маликтің бал айлары небәрі 10 күнге жалғасады. Бірнеше бизнестің құлағын ұстаған күйеу жігіттің жеке демалысқа арналған уақыты шектеулі сынды.

Ғашықтар алысқа ат арылтпай-ақ, қазақстандықтарға үйреншікті Жерорта теңізі жағалауындағы Кемер курортының төріне тура тартқан.

Тоғыз жыл бір шаңырақ астында тұрып, екі ізбасары өмірге келген соң ғана некелесіп, дүркіретіп той жасаған Леонель Месси мен Антонелло Рокуццолардың да бал айы жалғасып жатыр! Ғашықтар қос ұлын ертіп Кариб аралдарына аттанған.

Қырағы папарции, бұл жұлдызды жанұяның жағажайда доп теуіп, шағыл құмнан түрлі мүсіншілер жасаудан өзара жарысқандарын да таспалап үлгерді.

Олар саяхаттап келген Антигуа мен Барбуда аралдары әлемдегі ең романтикалық мекендер санатында.