Селена Гоместің «Bad Liar» туындысын алты күн ішінде 38 миллионға жуық жан тамашалап үлгеріпті

Сообщить о проблеме с эфиром

Ерке Есмаханның екі аптада жеткен рекордты қаралым санын Селена Гоместің соңғы бейнебаяны үш-ақ сағатта жинап үлгерді. Бүгінде, «Bad Liar» туындысын алты күн ішінде 38 миллионға жуық жан тамашалап үлгеріпті. Селена бір жетістігіне ғана масаттанып отыратын ба еді?

Сылқым «Coach» брендінің жарнамалық компаниясында бой көрсетті. Бейнероликті таспалаушылар қыңыр мінезді әншінің бабын қалай тапты? Танымал брендтер Селена Гоместен «ат тонын ала қашатын»! Себебі, шәлкез мінезді сылқым түсірілім алаңындағыларды мезі етіп жіберетін.

Бірақ, жарты жыл бұрын бет-бейнесіне айналған «Coach» маркасының күздік жарнамалық компаниясында Селенаның болмысы күрт өзгерген. Сабырлылық танытқанына айналасындағылардың бәрі таң-тамаша!

Скарлет Йохонсонның жүрегін қорғаушысы жылытып жүр! Роман Дориакпен ажырасу ісін жүргізген Кевин Йорн актрисаны романтикалық кездесуге шақырып, көңілін білдірген. Өзінен жиырма жас үлкен заңгердің ұсынысы жалғызсырап жүрген Скарлетке де майдай жаққан сынды!

Соңғы кезде соттасудан көз ашпаған Джонни Депп енді қаржы менеджерлерімен айқасып жатыр! Мол қазынасы неге бірден ортайып қалғанын түсіне алмай дал. Сондықтан, экс-қызметкерлерінің алаяқтық әрекеттеріне күмәнданып, құқық қорғаушыларға арыз жазған. Айыпталушылар болса, актердың ақшаны бей-берекет шашатынын айтып ақталуда.Тіпті, шығыны тапқан табысы бірнеше есе көп деп дабыл қақты. Мәселен, Депп бір күнде 18 миллион долларға яхта, 75 миллион көқ қағазға жылжымайтын мүлік сатып алған.