Қазіргі таңда елімізде нәзік жандылардың құқығы жоғары деңгейде қорғалуда. Осы орайда Баян Мақсатқызы өзінің үлесін қосып, үндеуін картиналары арқылы жеткізіп жүр. Продюссер «Жауап бер» атты жаңа фильмінің тұсауын кесті. Әуелде Мақсатқызы аталмыш тақырыпта 3 туынды таспалауды жоспарлаған. Олардың алғашқысы көптеген халықаралық жүлделерді иеленген «Бақыт» картинасы болған еді.
– Біз екінші фильмге идея іздедік. Туындыны таспалауыма бәріне белгілі сот себеп болды. Бұл тура ол оқиға емес. Бірақ недегенмен сол тақырып негіз болды. Картина демеушісі әрине күйеуім.
Фильмде кәсіпкер күйеуін өлтірді деп айыпталған әйелдің тағдыры, отбасындағы зорлық-зомбылық пен психологиялық қысым туралы айтылады.
Санжар Омаров, режиссер:
– Байқағандарыңыздай фильмнің айтар ойы салмақты. Әлеуметтік өткір драма. Бізде бұл жанр қатты танымал емес. Бірақ киноның ерекшелігі де сол деп ойлаймын.
Басты рөлді «Қазақ аруы 2022» - Аружан Бекболат сомдады. Болмысы нәзік жан үшін сюжет желісіндегі абьюзивті сахналар қиынға соққан.
Аружан Бекболат, әнші, актриса:
– Ол махаббат сырттай әдемі көрінгенмен, іштей қайғы-мұңға толы. Бәрі осы өзіміздің өмірімізде болып жатқандай. Бұл оқиға тек қана бір отбасының. мәселесі емес. Бұл көптеген отбасылардың осындай хикаясы десем де болады.
Фильмде сот та, прокурор да, адвокат та әйел.
Актерлік кастта- Айнұр Болат, Асель Қалиева, Нұрай Жеткерген мен Мадина Ақылбекова сынды талантта актрисалар бой көрсетті. Олардың кейіпкерлері мен тағдырлары әртүрлі болғанымен, бірі келіндік міндеті үшін, бірі жоғары лауазымы үшін, енді бірі махаббаты үшін «айыпты».
Мадина Ақылбекова, актриса:
– Негізі прокурорды сомдау үшін көптеген терминдерді білу керек, соттың процессі қалай өтетінін білу керек. Осының барлығы жәй ғана актерлік шеберлікпен емес, бір шынайы көрсетілу керек еді. Дайындалдық, қолдан келгенше бәрін істедік деп ойлаймын.
Осы жылдың көктемінде қоғамның назары аты шулы сотта болды. Ал «Жауап бер» фильмінде оқиға өзгеше өрбиді. Продюсер ұсынған «Бақыт» картинасы да өткір мәселені еш бүкпесіз сипаттаған еді. Сюжет желісі ұқсамаса да, екі туындының айтар ойы бір.
Айгүл Иманбаева, әнші, актриса:
– Біз жарамызды жасырып болдық қой.+ Ол сыздап, ауырып, пісіп, деңгейіне баяғыда жеткен біздің қоғамда. Ол тақырыпты әрине қозғаудың өзі, көтерудің өзі заңдылық. +Баян сияқты жүрегінің түгі бар біздің қыздар керек.
Айжұлдыз Адайбекова, актриса:
– Екі түрлі әсер десем болады. Себебі бұл жерде негізі тема өте қиын. Менің ойымша бұл ауқымды, психологиялық тұрғыдан рэд флагтың не екенін түсіну керек дейтін мәселе ғой негізі.
Туынды қоғамдағы өзекті мәселені шешуге өзіндік үлесін қосары сөзсіз. Кез-келген абьюзивті іс-әрекет жауапқа тартылуы тиіс. Авторлардың айтқысы келгені де осы.
Бейбіт Құсайынов, актер:
– Бірінші кезекте көрермен фильмді қарап, мені шын мәнінде жек көріп кетпейді ме деген уайым бар. Өйткені, мен өз-өзіме таңқалдым. Зорлық-зомлылық, төбелес сахналарын көргенде сендім. Өте шиеленіске толы сәт болды. Мен өмірде мүлде ондай абьюзер емеспін.
Жауап бер» фильмі еліміздің барлық кинотеатрында!
Өзекті тақырыпты өзгеше қырынан бағалау мүмкіндігінен қапы қалмаңыз.