Дүрия Қыдырбек, @duriiya_kydyrbek
Ғалымжан Молданазар осылайша ән арқылы әрбір жанға үндеу жолдады. Лондондағы ең мықты музыканттармен бірге әйгілі Air studio-да жазылған синглінде баршамызды бейбітшілікке, қиындыққа мойымауға шақырады. Инди-поп жанрын Қазақстанда танытқан өнерпаз астарлы әнінің тұсаукесерін өткізіп, шоу-бизнестепгі ең жақын достарының басын қосты.
Moldanazar, музыкант:
– Болмасын бұл өмірде жол соғысқа. Зұлымдықта жол тоғыспақ. Ол жердің бөлменің акустикасымен әйгілі студия. Көбінесе оркестр жазатын бөлме, студия. Сол жерде жұмыс істегеніме бақыттымын.
1970-жылы Битлстық Джордж Мартин негізін қалаған студияда ән жазу Ғалымжанның көптен бергі арманы. Туындыны ең сапалы техниканың сүйемелдеуімен жарыққа шығару үшін команда Лондондық музыканттармен 1 жыл келіссөз жүргізген.
Мария Мун, Moldanazar -дың продюсері:
– Молданазар бұл әнді бірнеше жыл бұрын жазды. Бірақ әнді сапалы жазатын студия іздедік. Әйгілі студия болғандықтан әлемдік деңгейдегі жобалардың барлығы сонда барады. Біз өз кезегімізді күттік. Жобаға бас-аяғы шамамаен 5000 доллар қаржы жұмсадық.
Молданазар және оның командасы Битлздардың студиясында ән жазған алғашқы Қазақстандықтар емес. Шығармашылық ұжымның айтуынша, мұнда трегін бірінші болып үнтаспаға жазған Шымкенттік бэнд. Өкініштісі олар жайлы еш дерек сақталмаған. Осындай олқылықтың алдын алу үшін режиссер-документалист- Қанат Бейсекеев досының Лондондағы сапарын түсіріп, деректі фильм дайындауды ұйғарған.
Қанат Бейсекеев, режиссер:
– Мен үлкен ниеттемін. Ғалымжанды.. Өмір бойы деректерді жинақтап, өмірін жинақтап, архив жасасам деген үмітім бар. Себебі біз жаңа сахна туралы айтсақ Ғалымжанды жоқдеп айта алмаймыз. Себебі жаңа сахна мен үшін Ғалымжаннан басталған.
Әрбір жанға әніне түсірілген бейнебаянның режиссері- Жанат Алшанова. Тұсаукесерге өзі келмесе де, медиа кеңістіктегі әріптестері картинаны жоғары бағалап, еңбегінің елеулі екенін атап өтті.
Мәлік Зенгер, режиссер:
– Жанат ол авторлық киномен айналысады. Қазақстандық көрменге таныс емес, бірақ көптеген жүлделері бар, ұтыстары бар. Қазақстанның сыртындағы адамдар біледі оны, қарайды жұмыстарын.
Бұл сессия керемет өтті. Бұл әртістердің, творчестволық кісілердің арманы. Әрбір адамның өзінің музыкалық арманы болады. Соның орындалғанына қуаныштымын.
Санұржан Сүлейменов, актер:
– Әрбір жанға ойын түйіндегісі келді. Себебі өз өмірінде қиыншылықтардан өткен. Қиыншылықтардан өтіп, адам болып қалу керек дегісі келді.
Музыкант мұнымен тоқтап қалмақ емес. Релиздерін жарнамалай бермейтін әнші әлі де синглдарыммен қуантамын дейді.