Дүрия Қыдырбек, @duriiya_kydyrbek
Еркебұлан Дайыров жастарды бұзақылыққа баулитын кәнігі қылмыскер. Дидар Толегенов, Дамир Мәдиев, Алишер Исмаил. Ұйымдасқан қылмыстық топтың қатарында тағы кімдер бар? 2000 жылдардың криминалды өміріне саяхатты бастаймыз.
Бұл 5-желтоқсаннан бастап көрерменге жол тартатын жаңа фильмнің концепиясы. Криминалды драманың желісі Сэм, Том, Азик, Кантосик есімді достардың оқиғасы төңірегінде өрбиді. Жігіттердің жалғыз мақсаты – қылмыс әлемін бағындыру.
Дидар Төлеген, актер:
– Сценарий шынайы оқиғаға негізделген деп жатыр ғой. Өзіңіз ашып айтып беріңізші
– Бұл туралы айтуға болады ма білмеймін. Бірақ айтып берейін бұл 4 кейіпкер шынымен өмірде болған. Біз олармен кездестік. 2000 жылдары Қарағандыда болған оқиға. Сценарийді нақты ол нарсе қылып жазбаған, десе де қосып түсірген.
– Ол қылмыс серкелерінің өмірі немен аяқталған. Сіздер көрдіңіздер ғой, сөйлестіңіз?
– Жақсылыққа алып келген жоқ. Сондықтан керегі жоқ мұндай іспен айналысып.
Бір өңірді жұмса жұдырығында, ашса алақанында ұстайтын Тука есімді кейіпкерді Ерболат Әлқожа сомдайды. Актер образын көрерменге шынайы жеткізу үшін каскадерлер көмегінен бас тартып, экшн сахналарды өзі сомдаған екен.
Ерболат Әлқожа, актер:
– Стилистер образыңызға қандай өзгерістер енгізді?
– Стилистерден бұрын мен өзім ұсыныс бердім. Менің мына құлағымның сырғалығы жоқ қой осы жерге тыртық қою, көзіме линза тағу деген сияқты...
Криминалды драмада Еркебұлан Дайыров та бой көрсетеді. Бұл актердың портфолиосындағы 90 -жылдардан сыр шертетін алғашқы туынды.
Еркебұлан Дайыров, актер:
– Байқадық, актерлық кастта жастар өте көп. Қалай бағалайсыз?
– Өте жоғары бағалаймын. Біздің жастар қазір өте таланатты. Өздеріңіз көрдіңіз, артық мақтап керек емес.
Дамир Мадиев, актер:
– Біздің әріптестеріміз, үлкен ағаларымыз жарақат алған сәттер болды. Қуантай ағамыздың бетін тіліп кетті идеген сияқты кішігірім жарақаттар, бірақ қатты байқалады.
Фильмде шиеленіске толы махаббат оқиғасы да баяндалады. Қызығы сол, қылмыс әлемін бағындырамын деген серінің көзі погон таққан аруға түседі. Ал шендінің қызын Алма Сағындық сомдайды. Премьерада өзі бой көрсетпеген соң сауалды әріптесіне жолдадық.
– Махаббат сахналары сәл қиын болды енді.
– Несімен қиын болды махаббат сахналары?
– Мен өмірде қарым-қатынас құрған адамым бар. Сондықтан киноның ішінегі махаббатты творчествомен байланыстыру қиынырақ болды.
– Дұрыс қабылдады ма сүйіктіңіз?
– Әрине қабылдайды ғой.
Ұмтылушылар қылмыс әлемінің серкесі атану үшін барлық қауіпті тапсырмаларды орындайды. Тіпті өз өмірлерін қатергі тігуден де тайсалмады. Бірақ достықтары сыналар сәт жақындады. Бауырмыз деген төрттік қиын сәтте бір-біріне демеу бола ала ма? Жауабы үлкен экранда.