Дүрия Қыдырбек, @duriiya_kydyrbek
Біз жарқын жұлдыздар бас қосатын, сән мен стиль талқыланатын Орталық Еуразия континентіндегі алаңға келдік. Ендеше биылғы Eurasion Fashion Week-ті бірге бақылайық.
Кештің шымылдығын ашу мәртебесі сән апталығының басты хэдлайнері танған тик-ток жұлдыз Юджин Тенге бұйырды.
Юджин Тен, тиктокер, блогер:
Бұл мен үшін жаңа дүние. Себебі сахнада жүргеніме бірнеше жыл болса да, осындай ауқымды шараны ашқан емеспін. Біраз уақыт дайындалдық. Қазір сақадай сай тұрмыз.
Сән апталығының алғашқы күні отандық және шетелдік дизайнерлер өз топтамаларын таныстырды. Көрсетілім Украиналық Юлия «Aysina»-ның коллекциясымен басталып, көшпенділер рухынан сыр шерткендей әсер қалдырған «Quraq korpe» брендінің этно-стильдегі жаңа образдарымен жалғасты. Тарихи элементтер пен заманауи талғам үйлесім тапқан «NurAsem» сән үйі дайындаған бренд те дефиле алаңынан табылды.
Сергей Кригер, «KRIGER» брендінің негізін қалаушы
– Біз барлық коллекциямызға ұлттық нақыштарымызды, қазақы элементтерді қосамыз. Себебі әлемнің кез-келген нүктесінде бұл киімнің Қазақстанда жасалғаны көрінуі біз үшін маңызды. Ұлттық бірегейлігімізді насихаттау, оны талғаммен көрсету бізідің мақсатымыз.
Алғаш рет сән апталығының подиумында plus size сұлулар сән көрсетті. Осылайша Eurasion Fashion Week сән мен сұлулық ұғымында шектеу жоқ екенін, стильдің стандартты өлшемдерге бағынбайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді.
– Қазір менің қасымда бүгінгі кештің жұлдыздары десек артық айтқанымыз емес.
– Бұл біздің алғашқы көрсетіліміміз емес, соңғысы болмайтыны да анық.
Диана Снегина, EFW PR-директоры
–Біз көрермен көзінен өзіміздің подиумда қаншылықты керемет болғанымызды сездік.
Көптің көзайымына айналған бұл томпақ сәнбикелерді көрсетілім алаңына шығарып, plus size өлшемді киімдерді көркем түрде ұсынған дизайнер – Евгения Саладинова.
Евгения Саладинова, «Evgeniya Riffel» брендінің негізін қалаушы, дизайнер
– Байқаған боларсыздар мен кәсіби сәнгерлерді шақырмадым. Подиумға шыққан бикештер біздің дүкендегі сатушылар, есепшілер, ал ең соңында анам сән көрсетті. Біз осы шынайылығымызбен ерекшелендік. Әлі де ыңғайлы әрі жарқын образды дайындауды жалғастырамыз.
Көрсетілімнің екінші бөлімінде Гулнур Тажегенова, Елена Стильникович, Сергей Шабунин сынды бірқатар танымал дизайнерлердің коллекциясы ұсынылды. Сондай-ақ, кореялық «Doucan» бренді жаңа ДНК топтамасын таныстырды.
Chung Hoon Choi, дизайнер (Оңтүстүк Корея)
Бұл ДНК коллекциясы. Мына жерде әр элемент біздің бойымыздағы жасушылардың қалай түзілетінін көрсететіндей жасалған. Осы арқылы тарихыңмен, тамырыңмен, байланысты көрсеткіміз келді. Ақ пен қара түсінің таңдалуы да бекер емес. Себебі бұл араластыруды қажет етпейтін табиғи түстер.
Ирина Байжанова, EFW бас продюсері:
– Eurasion Fashion Week бұл жас дизайнерлер үшін берілетінін үлкен мүмкіндік. Олар өздерін таныстыруға мүмкіндік алды. 300 ұсыныстан іріктелген 15 маман өз коллекциясын паш етіп, өзара үздіктерді анықтамақ.
Зарина Абдуғали, EFW ұйымдастырушыларының бірі:
– Осындай әлеуметтік маңызы бар жобаның бөлшегі атануға мүмкіндік туғанына қуаныштымын. Себебі Eurasion Fashion Week сән алаңы ғана емес, мейірімділікке шақыратын, ізгілікке бағытталған құндылығымен танымал жоба.