Роза Рымбаеваның сахнадағы 50 жылдық мерейтойына Әли Оқапов қандай тосын сый дайындап жатыр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Анасаның мерейтойын Әли бүге-шүгесіне дейін жоспарлап қойған. Ауқымды шараның алғашқы концерттерін, биылдың өзінде республиканың өзге аймақтарында бастап кеткен.

Әли Оқапов, әнші:

– Келесі жылы шынымен де анамыздың үлкен мерейтойы болады. Шығармашылығының 50 жылдығы болады. Біз негізі осы екі жылдың арасында еліміздің біраз қалаларды, елді мекендерді аралап, тойлап бастадық. Ресми тұрғыдағы юбилей 25ші жыл, және сол жылы үлкен үлкен кештерді бергіміз келеді.

Халық әртісінің есеп беру кеші Астана мен Алматыда, сондай-ақ Рымбаеваның туған жері Семей қаласында өтуі ықтимал. Тың идеяларды жүзеге асыру қомақты қаражатты талап ететіні сөзсіз.

Әли Оқапов, әнші:

50 жылдық дегеніміз ол аз емес, ол да бір тарихи деңгей. Бір есеп беру. Әзірше сол идеяларды ойластырып жоспар құрып жатырмыз. Бәлкім келесі жылы үлкен- үлкен Роза Рымбаеваның жылы болып өткізуге біз қарсы емеспіз.

Естен кетпес есеп беру кеші өнерлі отбасының толыққанды қатысуымен өтері хақ. Әлидің жұбайы Ақеркенің Оқапов-Рымбаевтар шаңырағымен бір сахнаға шығуын қалың көрермен асыға күтеді.

 

- Анаңыздың юбилейінде халық соны күтетін сияқты отбасылық шығуды.

Әли Оқапов, әнші:

-Екеуміз де шынымен өнердің адамы болған соң, екеуміз де инстарументалист болған соң, бәлкім сол инстаграмдағы оқырмандарымыз үшін жай қарапайым инструменталдық бір дүниені неге шығармасқа деген қазір бір идея бар.

Алайда Әли Ақеркемен шығармашылық тандем құруға қарсы.

Әли Оқапов, әнші:

- Ешқандай да концертке шығып, тойға шығып оны бір бизнеске айналдыру мақсатында емес. Біз өзіміздің арамыздағы қарым қатынасты және де арамыздағы сезімдерді табыс көзіне айналдырғым келмейді. Ең басты біздің әзіргі жоспарымыз ол ұлымыз зейін, ол кішкентай, сәл кішкене өссін. Аяғына нық тұрсын. Содан кейін көрерміз.