Саунд-спектакль! Қобыланды Болат Алматыда аншлагпен алғашқы кешін берді.

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Қобыланды Болат бүгін мына сахнаға жан бітірмек! Әдеттегідей қойылыммен емес, әсем дауысымен. KOBA ұсынған LIVE SHOW CONCERT-теміз!

«Жүрегі жаралы жандарға нағыз терапия»! Қобыланды Болаттың соло концерті лирикаға толы. Кешті махаббат туралы монологтан бастаған әртіс сахнада әсем әннен бөлек ерекше қойылым көрсетті.

Қобыланды Болат, әнші, актер

- Бастапқы маңдайымыздан тер ағып жатыр, сахнада басқа тер ағады қазір.

Live band-тің сүйемелдеумен өткен концертте бас кейіпкер Коба мен құпия ару. Қызыл көйлек киген сылқым тыңдарман арасынан шығып, көпті таңқалдырды. Ол Кобаны ынтықтырған жеңіл жүрісті бойжеткен бейнесінде.

Қобыланды Болат, әнші, актер

- Енді мен театр және кино актері болғандықтан біз енді бәрібір де оң жақ бүйрегіміз театрға тартып тұрады.

Ал кеште Кобаның әндері арналған ару – Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкалық драма театрының актрисасы - Сағыныш Нұрқайдарова.

Қобыланды Болат, әнші, актер

- Ал өнердегі әріптестеріңіз қолдап келді ма әлде...

- Қолдап қолпаштап келіп отыр және сіздердің қазір камерның артында

Әбілмансұр Серіков тұр. Әбілмансұрды шақырсақ болады. Манс келші...

- Инь-Ян болып екеуіміз киініп алдық.

Әбілмансұр Серіков, актер

- Қалайсыздар?

- Негізі бәрі «Jaryq» әнінен басталды ғой?

Қобыланды Болат, әнші, актер

- Негізі «5:32»-ден басталды ғой, негізі театрға келуінен басталды десең.

- Жарқырауымыз ұзағынан сүйіндірсін дейміз...

- «Jaryq», «Jyndy Kobelek» әндерінен кейін тағы бірге дуэттеріңіз бола ма?

- Біраз әндерден кейін ән шықпай кетті, кішкене шабытым таусылып жүр кішкене или қарным тоқ болып жүр ма түсініксіз но...

- Желаниясы жоқ просто жеке менсінбейді мені ән айта алмайды деп менсінбейді.

- Бұған енді вокальный школаға жазғызу керек, бұны оқытып тоқытқаннан кейін барып.

- Ал бұны әлі актерскийге оқыту керек жақсылап.

- Сіз қандай қолдау көмек көрсеттіңіз осы концертке?

- Мен тегін келіп тұрмын бұл концертке, соның өзі қолдау.

- Гонорар сұраған жоқсыз?

- Не деп сұраймын, бермейді ақшасы жоқ бейшараның.

Саунд-спектакльде Әбілмансұр Серіковпен қатар, ARShAT, Ernar Amandyq жане QANAY сынды трендтегі ТОП әртістер Кобаның өтінішімен өнер көрсетті.

QANAY, әнші

- Бүгін Кобаның концертіне келіп жатырмын, тектен тек келіп жатқан жоқпын потому что ол кино әлемінде өзінің орнын қойған кісі болғаннан кейін қасына бір дос болып жүрмін ғой, түсініп тұрсыз ба, политикамды көріп тұрсың ба, көріп тұрсың ба менің планымды.

- Жаңа ән жаздық Алла қаласа оған күшті күшті «Түс» дейтін ән жаздық, оған клип түсіреміз..

- Ал дуэт құру идеясы кімнен түсті?

- Жалпы өзімнен, соның стильінде жазылған ән. Сол кісінің, енді кетті фляктіні айта алмайды ғой, жәй баяу ән.

Астана мен Алматы шаһарларынан басталған KOBA TOUR енді өзге қалаларда жалғаспақ. Таяуда ғана ата-анасына Сарыарқа төрінен 3 бөлмелі пәтер сыйлаған Қобыланды, кештен тапқан қаражатқа енді өзі баспана алмақ.

Қобыланды Болат, әнші, актер

- Ата-анаңызға үй әпердіңіз. Ендігі мақсат қандай?

-Ендігі мақсат өзіме үй алайыншы деп жүрмін.

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Талғамы биік тыңдарманнан Коба қалағанындай қолдау мен қошеметін ала алды. Кеш жоғары деңгейде өткеніне біз де куәміз.