Ең ірі байқау! Aport Mall East тұтынушыларына элиталы пәтер сыйлады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Шоппинг жасап, су жаңа пәтердің иесі атаныңыз! Дәл осындай мүмкіндікті Aport Mall East ойын-сауық орталығы 5-қаңтар мен 5-мамыр аралығында келген әрбір тұтынушыға сыйлады. Басты шарт – кемінде 20 мың теңгеге сауда жасау.

Динара Амренова, «Aport Mall» маркетинг және жарнама департаментінің директоры:

– Бүгін көптен күткен ең алғашқы ауқымды байқауымызды өткіздік. Ұтыс ірі болсын деп пәтер ойнаттық. Мұндай сыйлық кез-келген жан үшін таптырмас мүмкіндік. Қолайсыз ауа-райына қарамастан, халықтың қарасы мол, барлық келген қонағымызға алғысымыз шексіз.

 

Орталық ұйымдастырған ірі ұтыс ойынына 250 мыңнан аса адам қатысқан. Ал жеңімпазды анықтайтын күні 65 мың үміткер жиналды. Олар ауа-райының қолайсыздығына қарамастан шара аяқталғанша табжылмай күтті.

 

5 айдан бері тағатсыздана күткен жеңімпазды анықтау үшін, келген халықтың арасынан 5 үміткер таңдалып алынды. Олардың барлығына пәтердің кілті табысталыып, сахнада реквизит ретінде тұрған есікті ашу тапсырылды.

 

Элиталы пәтер – Еркебұлан Сатыш есімді Алматылық тұрғынға бұйырды.

Еркебұлан Сатыш, жеңімпаз:

- Төбем көкке жетті десе де болады, қуанышым енді жүрегім жарылып кете жаздаы ғой. Жаңа үйден кеткенде пәтерсіз қайтаймын деп қалжыңдап кетіп едім. Міне бұйырса пәтерлі болып отырмыз.

 

Еске салсақ, жеңімпаз Aport Mall East ойын-сауық орталығының аумағында орналасқан туристттік агенттіктен Таиландқа жолдама сатып алған.

Еркебұлан Сатыш, жеңімпаз:

- Бұл жарысқа яғни қаңтар айында Таиландқа путевка алғанбыз сол кезде толтырып, қаңтар айынан бері міне күнбе-күн толтырып жаңағы купондарын қадағалып жүрдік міне жаңбырға қарамай, қаланың сыртында тұрамын өзім ауылда, сол ауылдан келіп міне бүгін ойламаған жерден пәтерлі болып отырмыз, қуаныштымыз осы ұйымдастырушыларға көп-көп рақмет.

 

Жеңіске жете алмаған қатысушылар да назардан тыс қалмады. Пәтерден бөлек, түрлі техникалық жабдықтар мен орталықтың дүкендеріне құны 10 мың теңгеден басталатын сертификаттар табысталды.

Динара Амренова, «Aport Mall» маркетинг және жарнама департаментінің директоры:

- Әрине біз өзге де қатысушыларымызды да ұмыт қалдырмауға тырыстық. Кішігірім сыйлықтардан бөлек, құны 1 миллион теңгеге шоппинг жасауға сертификант тарту еттік.

 

«Бұл тек бастамасы», - дейді ұйымдастырушылар. Себебі Aport Mall өзінің тұрақты тұтынушыларына әл талай тосын-сый әзірлейміз деп отыр. Сондықтан қапы қалмаңыз!