Еркебұлан Тоқтарды жабық кештердің бірінде кездестіріп қалдық. Жанына жақындадық. Жаңалықтарын сұрадық. Актердың айтары бар екен.
Еркебұлан Тоқтар, актер:
– 11 май күні бұйыртса бокстан турнир болайын деп жатыр. Соған дайындалып жатырмын. Қазір енді келісімшарт толығымен жасалған жоқ. Бірақ енді толығымен жасалып біткеннен кейін, бірақ дайындалып жүрмін сонда да. 11 май бұйыртса шығып қалуым мүмкін.
Боксқа бет бұрамын,-деген Тоқтар-тегінің октагондағы мансабы қалай болмақ? Бұл сауалды да қаперімізден шығармадық.
– Кулачканы қойып, бокс?
Еркебұлан Тоқтар, актер:
– Қойып емес. Просто қайсысы шығады, сонымен ғой енді. Ана жақтан анау шығып қалады: Ей, давай,-дейсің. Мына жақтан мынау шығады: давай,-дейсің. Сондай ғой.
Еркебұлан бір айдан кейін болатын жекпе жегіне қарқынды түрде дайындығын бастап кеткен. Бір қызығы, қарсыласының кім екені әлі белгісіз.
– Қарсыласыңды әзірге айта алмайсың? Әлде өзің де білмейсің ба?
Еркебұлан Тоқтар, актер:
– Қарсыласымды әлі өзім білмеймін. Біреу бар еді. Ол басқа турнирға қатысатын болып, в общем отмена болды. Енді басқа біреулерді қарастырып жатырмын.
– Ол да медийный адам ғой иә?
Еркебұлан Тоқтар, актер:
– Ол да медийный болған иә. Оны енді айта алмаймын енді. Болмай қалды ол. Тем более оның атын айтып, пиарить еткім келіп тұрған жоқ. Ақша төлесін пожалуйста.