Қазақтың хит тректеріне корей тілінде кавер айтып танылған Song wonsub-тың концерті қалай өтті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Song wonsub - Қазақтың ескі өлеңдерін құйқылжыта салып, өзіндік өң берген корейлік әнші. Тыңдарман жүрегін ерекше лирикасымен баурап алған өнер иесі бүгін Республика Сарайында жеке ән кешін беруде.

Song wonsub небәрі бір жылда Қазақстандық тыңдарман жүрегін жаулап, ауқымды аудитория жинай алды. Сеулдан арнайы келген музыкант хит тректердің корейлік нұсқасын ұсынады. Оларды жаңаша форматта өңдейтін әншінің өзі.

Song wonsub, музыкант

– Шынымды айтсам, қатты қобалжып тұрмын. Барлық энергиямды жұмсап, бұл кешке ұзақ дайындалдым. Республика сарайы қазақтың киелі сахнасы деп айтты. Сондықтан осы жерде өнер көрсету мен үшін үлкен мәртебе.

- Ал орындап жүрген әндеріңізді кім өңдейді, кім оранжировкасын жасайды?

- Барлығын өзім жасаймын. Бұл мен үшін маңызды.

 

Аз ғана уақытта Song wonsub отандық талай фестивальдің қонағы болды. Еске салсақ, өнер иесін қазақстандық әртістер де құшақ жая қарсы алған еді.

Song wonsub, музыкант

- Сіз енді қазақтың ұлттық аспабы домбыраны ойнап үйрендіңіз, қанша уақыт кетті, арнайы сабақ алдыңыз ба?

- Домбыраны кәсіби ойнай алмаймын. Аздап үйреніп алғаным рас. Оның өзі маған оңайға соққан жоқ.

 

Сонг Вон Собтың отандық музыкаға деген қызығушылығы бекер емес. 37 жастағы кавер орындаушы қазақтың әуендері ерекше деп отыр.

Song wonsub, музыкант

- Біздің елдің тарихына музыкасына қатты қызығасыз, біздің елдің музыкасы жаныңызға жақын ба?

– Қазақтың музыкасын неге жақсы көретінімді айта кетейін. Себебі, қазақи музыка стандарттарға шектеліп қалмайды. Ритмі, әуені құлаққа өте жағымды.

Song wonsub, музыкант

- Бүгінгі кештің хедлайнері – Қазыбек Құрайыш. Қазақстандық қай әншімен жұмыс істегіңіз келеді?

–Осыған дейін Мираспен, Қобыланды Болатпен, Қазыбекпен дуэт орындадым. Өте әсерлі шыққан сияқты. Осындай коллаборациялар көп болса деген ниетім бар.

Song wonsub, музыкант

- Алматыда жиі жүрсіз, Алматыға көшу ойыңызда жоқ па?

– Жұмысыма байланысты жиі келетінім рас. Бұл жер жаныма жайлы, кейін бір уақытша көшіп келуім мүмкін.

- Білуімзше басыңыз бос. Қазақ қызын жар етіп алғыңыз келмей ме?

- Қазақ қызы жақсы жақсы...

 

Song wonsub әлі біраз уақыт Қазақстанда тұрақтайды. Себебі өнер иесі келесі айда Астана және Ақтөбе қалаларында да жеке кешін өткізбек ниетте.