Бағжан Октярь кештің шымылдығын марқұм Салтанат Нукеноваға арналған композициямен түрді. Еске салсақ, виолончелист күйеуінің қолынан жауыздықпен қаза болған Салтанатқа арнайы ролик түсірген еді.
Бағжан Октябрь, виолончелист
- Біреулер айтып жатады хайп дейді, маған ол хайптың дым қажеті жоқ, ол мысалы біреу ақша төлеп мына суретті сал десе де мен салғызбаушы едім, себебі менің сахнам мен үшін өте киелі зат, ешкімнің сөзі өтпейді маған.
Бағжан Октябрь, виолончелист
- Тек қана Салтанат емес, «Отан анада» біз осы қазақ даласында болып жатқан су тасқындары туралы, барлық жағдайда қозғап қолдауға барынша азаматтық борышымызды атқарып жатырмыз.
Классикалық музыкамен де трендке шығуға болатынын дәлелдеген Бағжан Октябрьдің бүгінде аудиториясы ұлғайған. Музыканттың кешіне алғашында тек жастар жиналса, қазіргі таңда концертте егде тартқан жандар да көп.
Бағжан Октябрь, виолончелист
- Енді ең күшті реклама ауыздан ауызға. Анау анаған айтады, мысалы, тек қыздар ғана ғашық боп мені көруге келмейді ғой. Өзіңіз көріп тұрсыздар, жігіттер де көп, үлкен 30-дан асқан қыз-келіншектер, 40-тан асқан 50-60 бізде әртүрлі ұлттар да бар. Сол себепті осы музыканың арқасы деп ойлайм бәрі.
Еске салсақ, Бағжан таяуда ғана Түркия сапарынан оралды. Виолончелист Стамбул, Анкара, Конья, Измир, Бурса және Газиантеп қалаларында концерт берді.
Бағжан Октябрь, виолончелист
- Түркиядағы сапарым өте керемет болды. Жаңа леп, жаңа сезімдер, ол жақтың халқы деген енді мүлдем басқа олар 3 есе эмоциональный ғой. Жылап, шыңғырып сол жерде бүкіл эмоцияларын айтады.
Бағжан Октябрь енді Еуропаны бағындырмақ. Музыканттың шығармашылығына қызығушылық танытқандар жайлы әкесі Өктем Алтаев айтып берді.
Өктем Алтаев, әнші
- Еуропадан, Москвадан, Венадан одан кейін Германиядан шақыртула түсіп жатыр. Данияға шақыртулар түсіп жатыр. Болашақта жоспарда.
Бір қызығы Бағжанның әр концертінде әкесі залда, ал анасы сахнаның артына отырады. Оған себеп:
Өктем Алтаев, әнші
- Бағжанның анасы ешқашан залға Бағжанның алдынан концерт көрмейді. Ол бала кезінен Жұбанов мектебінде оқып жүрген кезінен, экзамен болған кезде де ол сахнаның сыртта жүреді әрдаймын. Өйткені анасы алдында отырса Бағжан сәл қобалжиды.
Бағжан алдағы екі айда жаңа репертуарымен Қазақстанның 10 қаласын араламақ. Музыкант концерттен түскен қаражаттың бір бөлігін су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға жұмсамақ ниетте.