– Толықметрлердің жайы не болып жатыр? Кинолар қалай?
Қажет Смағұл, актер:
– Кинолар жақсы болып жатыр. – Өзім бір кино шығарайын деп жатырмын Алла қаласа. «Мистер хош иіс» деген.
Қазіргі таңда картинаның концепциясы дайын. Сценарийі жазылу үстінде екен.
– Өзіңіз ойнайсыз ғой ол жақта?
Қажет Смағұл, актер:
– Иә, мистер хош иіс мұрынды келу керек.
– Демек Қажет Смағұл бұдан былай кинопродюсер деп айта аламыз ғой иә?
– Мен ұялам ондай сөздерден. Актер болып жаратсақ жетеді сол бізге.
– Бізден де жастар түсіріп жатыр ғой. біз әйтеуір киноны іштен білеміз. Сыртынан емес.
– «Қазақша бизнес Бразилияда» шықты. Әр сиквел сайын сіздің эпизодтарыңыз азайып бара жатқан сияқты аға? Қалай ойлайсыз өзіңіз? Нұрлан Қоянбаевтың киносында.
Қажет Смағұл, актер:
Иә... Ол дұрыс... Мәселе... Сценарий ғой. Әр киноның болатыны да, болмайтыны да сценарийден. Нұрлан Қоянбаевқа қалай сценарий жазып берді, ол солай түсіріледі. Ол сценарийде біз басты рөлде боламыз ба, эпизодтық рөлде боламыз ба ол тек қана сценарийден. Сондықтан мен мына жерден азайып бара жатырмын күннен күнге дегенге болмайды. Ол профисионалдық түрде қате деп ойлаймын.
– Негізі Нұрлан Қоянбаевпен қарым қатынасыңыз дұрыс қой иә?
Қажет Смағұл, актер:
– Әрине. Жақсымыз. Араласамыз. Доспыз. Іні ағадаймыз. Кино ол сценарий. Сценарийден асып түсе алмайсың.
Актердың айтар жаңалықтары жетерлік екен. Жыл соңында есеп беру кешін ұйымдастыруды ойластырып жатқанға ұқсайды.
Қажет Смағұл, актер:
– Негізі мен өзім әзіл сықақшы болып келемін. Жалғыз кино актер емес. Театр және кино актерымын. Осы жылдың аяқ жағына ма дегем өзімнің шығармашылық әзіл сықақ концертімді берсем ба деген сондай ойлар бар.