Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- «МӘДИ IN CHINA»! Рамазан Амантай кинопродюсер ретінде екінші толықметрін таспалауға кірісті! Бұл жолы актер Қытайдан келген қандастар туралы картина ұсынбақ! Нақтырақ айтсақ, Мәди есімді студент аспан асты елінен Қазақстанға келіп университетке түседі. Бар қызық сол сәтте басталады!
Рамазан Амантай, актер, кинопродюсер:
- Бұл фильм Қытайдан Моңғолиядан келген, Өзбекстаннан келген біздің қандастарымыз, бауырларымыздың осы атамекенге келгендегі кішкене шететтілетіні жайлы, бір жан күйлері жайлы фильм.
- Парик киіп алыпсыз, соған қарағанда образыңыз ерекше сияқты.
- Алдыңғы жылы 12 киноға осы өз шашыммен түсіп тастаппын, 1-2 ғана парик кигенмін, оның өзі онша емес боп, мына паригім негізі әдемі. Әйелім қызғанып жүр енді десең иә. Сондай әдемі болып кеткен жайым бар. Мына парикті кешке қарай шешемін да, бірден кепка киіп алам, өйткені өз шашымды көргім келмейді...десең.
Төреғали Төреәлі, әнші
- Ассаламуалейкум, қалайсыздар, амансыздар? Даусым естіле ма? Рамазан Амантай бауырымыз екеуміз Нұрлан Қоянбаевтың бизнес по-казахски деген бірінші фильмінде бірге бір фильмде түскентұғынбыз.
- Микрофонға айтып жіберіңізші, өтініш... Бұл жерде кімді ойнайсыз?
- Бұл жерде де мен өзімді ойнаймын. Мен тілекші болып келдім. Бауыр ретінде, ағасы ретінде. Сондай, ешқандай аса бір жаңағыдай ат жіберіп алдырып, жеңгелері жалынып қалдырып жатқан ештеңелері жоқ, сондықтан шын жүректен келдім. Сіздерге де рақмет, елеп келгендеріңізге, жұмыла көтерген жүк жеңіл болад дейді.
Сафуан Рысбайулы, актер
- Деканмын. Алғаш бұл жобаға ұсыныс түскен кезде, сол оралмандарымызды мазақ қылғысы келіп тұр ма деп ойладым да, ол енді біздің қоғамдағы жанды тақырып, біз оралмандарды шеттетпейміз ғой.
Әлихан Байсұлтанов, актер
- Біз, мына Ақерке бастаған содан сондай-ақ, осындай ұлы актер, актрисалар қоштаған сондай бәріміз бір группаның студенттеріміз.
- Фильмге шақырту алғанда бірден келістіңіздер ма?
- Мен сценарийіне араласқан болатынмын, басы қасында жүріп. Арасында бір қызық персонаж болғаннан кейін жарайды деп айттым сен ойнай сал деп.
- Ақерке не дер екен?
Ақерке Назарбекова, актриса
- Мен бірден келістім иә.
Бағжан Данай, BayGUYS командасының мүшесі:
- Продюсер ұсынған сәтте бірден келістім.
- По-своиский түсіп бердіңіз ба?
- По-свойскийімнің өзі 10 миллион да менде.
- Көп емес па? Себебі топ актерлардың өзі ондай сумма алмайды ғой.
- Қалжыңдаймын, сіздер сеніп қалмаңыздар.
Рамазан Амантай, актер, кинопродюсер:
- Мына тұрған любой актрисалардан актерлардан сұрасаңыз, гонорарлары қанша деп, шүкір деп өзінше болып кетеді. Сол үшін ешкімді ренжітпей, барлығын керемет ақысына, сұраған ақысына тіпті қосып беріп жатқан актерларымыз да бар. Басқа продюсерлер ұқсап, қалтама басып қалып сөйткім келмейді.
- Демеушілеріңіз бар ма әлде барлық қаражат өз қалтаңыздан шығарасыз ба?
- Жоқ, демеушілер бар. Демеушілермен жұмыс жасап жатырмыз, өйткені менде мүлдем дүние жоқ. Ақша деген атымен жоқ. Демеушілердің бергенімен түсіріп жүрміз.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- Кәсіби актерлардан бөлек, желіні жарып жүрген блогерлердің басын біріктірген Рамазан Амантайдың кезекті туындысы қазан айында жарық көреді. Сапалы әрі сәтті жоба бола ма? Үлкен экран көрсетеді!