Айдана Шалқар, @aiudna
- «Ақсұңқардың аты – Қайрат Нұртастың арқасында шықты!» Деген ел арасындағы алып-қашпа әңгіме әлі толастар емес. Көп сөзге дөп жауапты, бүгін гитаристің өзінен білеміз!
Ақсұңқар 2018 жылы гитарасын қолына алып, шоу-бизнеске аяқ басқан болатын. Қас қағым сәтте бағы жанып, әлеуметтік желінің көмегімен өз есімін танытып үлгерді. Музыканттың қанша жылдық еңбегі «Жүрек қылы» атты алғашқы соло концертінде ақталғандай.
- Өнерде жүргеніңізге қанша жыл болса да, енді ғана жеке ән кешін беріп жатырсыз. Бұған не себеп?
Aksunkar, музыкант:
- Бұған ең бірінші мен осы жылға дейін эстрадағы әртүрлі аға-әпкелерімізбен жұмыс жасап келдім. Енді ғана өзім осылай гитараны мамандығым болғандықтан осылай халықтың алдына неге шықпасқа деген секілді бір ой келді былтыр.
- Концертті ұйымдастыруға қанша қаражат жұмсадыңыз?
Aksunkar, музыкант:
- Бұл концертке дәл қазір енді 8 млндай болып тұр.
Қайрат Нұртас Ақсұңқардың жұлдызын жақты! Бұған музыканттың таласы жоқ. Қос өнерпаздың жолы 2019 жылы Дубайда тоғысқан. Бірлесе жұмыс істегендеріне биыл 5 жыл. Осы уақыт ішінде Жүнісбаев хитмэнге 12 трек жазып берген.
- Көбі сізді Қайрат Нұртастың жанында жүрген гитарист деп таниды. Бұл сіздің қытығыңызға тимей ме?
Aksunkar, музыкант:
- Жоқ, мен наоборот бұл нәрсені естіген кезде бір рахат маған.
Aksunkar, музыкант:
- Негізі көп маған көмектескен Қайрат аға. Төлемақы официально алмаймын. Бірақ көп менің қиналған жағдайым болды, халық біледі ғой. Қызым ауырды дегендей. Сол уақыттарда Қайрат аға осы өнер адамдары арасынан ерекше көш бастап, көмек қолын созған болатын.
Ақсұңқарды өнерде қанаттандыратындар көп. Жұбайы Арайлым Әбілсейіт –басты мотиваторы. Сылқым «Жүрек қылы» кешінде сиқырлы үнімен көптің көңілін баурап алды.
Арайлым Әбілсейіт, әнші:
- Біз 2019 жылдан бері кавер орындаушы болып әлеуметтік желіде танылдық. Иә, әрине Ақсұңқардың ол кезде маған қарағанда үлкен оқырманы болды. Болашақта тур жасаймыз осындай. Барлық қалаларға Ақтау, Шымкент, Қызылорда қалаларына осындай оркестрдың сүйемелдеуімен осындай кеш жасағымыз келеді.
Айдана Шалқар, @aiudna
- Ақсұңқарға жеке кеш беруге әлі ерте! 3000 адамдық Республика сарайын толтыра алмайды-ау деген қаңқу сөздерге бүгін гистарист нүкте қойды. Жағымды эйфория, ерек атмосфера, жанды дауыс. Концерт осымен тәмәм