НТК-да экслюзив! Ғазрет Ержанов Кәмшат Жолдыбаеваны қалай жар еткені жайлы тұңғыш рет сұхбат берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Еске салсақ, Ғазрет пен Кәмшат 2023 жылдың наурызында некелерін заңдастырды. Десе де жүректерін егіз еткен екеу бұл жайлы мүлде тіс жармады. Олардың шаңырақ көтергені жайлы ақпарат желіде тараса да, ғашықтар тарапынан пікір болмаған-ды.

Ғазрет Ержанов, актер:

- Бәрі жақсы және де жеке өмір туралы мен. Аты айтып тұр ғой жеке өмір, ешкімнің қатысы жоқ. Сол.

- Ресми түрде отбасын құрғандарыңызды қашан жұртқа мәлімдейсіздер?

Ғазрет Ержанов, актер:

- Мәссаған. Мәлімдеп болған сияқты ғой әбден. Жан-жақтан түрлі-түрлі адамдардың барлығы әбден барлық жерден шығарды ғой. Сондықтан ол менің бірдеңе қылып айтып, иә мен отбасын құрдым дегендей талап етпейтін сияқты оны.

Көпшілік олардың арасында махаббат оты ортақ жобада маздаған деп топшылаған еді. Мұның анық-қанығын актердың өзінен сұрап білдік.

- Кәмшатпен негізі қалай таныстыңыздар? Сериалдан кейін басталды ма барлығы?

- Жоқ, сериалдың кезінде.

- Өміріңіз өзгерді ғой иә, отбасын құрғаннан кейін? Қалай өзгерді?

- Мен іштей өзгерген шығармын мүмкін. Сол, қалғанының бәрі орнында.

Бүгінде Кәмшаттың кейпі өзгерген. «Карамельді» шырқап жүрген сұлу ақ келін атанғалы басынан орамалын тастамайтын болған. Сылқым шығармашылықтан да біраз қол үзіп қалды.

- Қазіргі таңда Кәмшаттың имиджі өзгерді. Оған өзіңіз де әсер еткен шығарсыз иә?

Ғазрет Ержанов, актер:

- Мүмкін. Мүмкін. Бірақ оның имиджіне қарап, сен былай киін әлде былай деп мен ешқашан айтпаймын.

- Қазіргі таңда Кәмшат шығармашылығынан бөлек коуч та болып жүр. Бұл трансформацияға не әкелді деп ойлайсыз? Өзіңіз көмектестіңіз бе? Ақыл айттыңыз ба?

Ғазрет Ержанов, актер:

- Жоқ, бірақ дегенмен бізде мәселелер талқыланады. Ол осы 2 жыл бойы біз кездескеннен бастап 2 жыл бойы осы психология саласын қатты зерттегенін білемін. Барып көрсеңіз болады.

- Жақында сіз Астанаға көшіп кеттіңіз. Алматыны тастап, Астанаға кетуіңізге не түрткі болды?

- Мәссаған, оны кім айтып жүр? Жоқ мен Алматыдан көшкен жоқпын. Астанада да тұрам, арасында барып тұрамын. Негізі Алматыда шоғырланғанмын осы жақта.

- Сіз де енді ән айтасыз ғой. Болашақта Кәмшатпен дуэт болуы мүмкін бе?

- Жоқ, ән айтуға әлі мақсат ештеңе жоқ. Тек театрдың сахнасында сондай бір жерде ән шырқамасам былай мақсат жоқ.