«5:32» фильмінен шабыт алдық! Қырғызстандық киногерлер отандық триллерге плагиат жасады ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Шалқар, @aiudna

- Қырғызстан. Бішкек. Із түссіз жоғалған қыздар. Қылмыскердің соңына түскен тергеуші. Басты күдікті – такси жүргізушісі. Біз бүгін дәл осы шынайы оқиға желісімен таспаланған «Такси» триллерінің жабық көрсетіліміндеміз.

Айбек Бектемиров, режиссер:

- Нас сама заинтересовалась сама история. Мы в прошлом году в Қырғызстанда орын алған адам сенгісіз оқиға жайлы естідік. 2008 жылы Бішкекте такси жүргізушісі бойжеткендерге аяусыз қорлық көрсеткен. Бұл мәліметті әріптестерім айтқанда қатты таңғалдым. Тақырыпты 1 ай бойы талқылап, 4 ай ішінде сценарийін жазып шықтық.

- Бұндай жағдайлар Қырғызстанда қаншалықты жиі болып тұрады?

Айбек Бектемиров, режиссер:

- Очень много таких случаев. Самый главный посыл, мы хотели этим фильмом Қырғызтанда мұндай оқиға өте жиі болады. Әйел затына жасалатын зорлық-зомбылықты фильмде толығымен ашып көрсеткіміз келді. Елімізде қорлықтың құрбанына айналған қыздардың санының азаюына картина арқылы әсер еткіміз келеді.

Такси триллерінің режиссеры - Айбек Бектемировты шабыттандырған – қазақстандық «5:32» веб - сериалы. Фильмді тамашалаған кейбір көрермен мұны плагиатқа балап та үлгерді.

Айбек Бектемиров, режиссер:

- Можно сказать мы вдохновались фильмом «5:32», я обожаю этот фильм. Мен қазақстандық «5:32» картинасына тәнтімін. «Таксиді» таспалауға шабыт берген де осы триллер. Бірінші бөлімін көргенде «Вау, мен де осындай туынды жасауым керек» деп өзіме уәде бергенмін.

Қырғызстандық режиссер демеушілерден қолдау таба алмай қынжылған. Оларды қаржыландырудан бас тартуға басты себеп – жанр өзгешелігі болған-ды.

Айбек Бектемиров, режиссер:

- Плюс минус 35 тыс долларов, у нас можно сказать дешево снимается. 35 мың долларға жуық қаражат жұмсадық. Қырғызстанда кино түсіруге салыстырмалы түрде арзан.. Бізге барынша үнемдеуге тура келді. Демеушілер «Фильм қомақты касса жинамайды» деп айтты. Себебі, жанр мүлде бөлек. Қырғызстанда көбіне комедия таспалайтындықтан, бізге ешкім сенбеді.

- Өзің таксиге мінетін кезде қандай сақтық шараларын қолданасың?

Ақбота Нұрахын, блогер:

- Негізінде адамның көзі алдамайды дейді ғой. Таксиге отырған кезде бірінші ағаның түріне қарап аласың. Одан кейін қалада жүргеннен кейін көп отырамыз ғой кейде қарамай отыра саласың асыққаннан кейін. Бірақ адамның түріне қарауға тырысам.

- Таксиге отырғаннан кейін нөмірін жақындарыңа жіберіп қоятын сәттер болды ма?

- Сондай алыс жолға шықсам. 1-2 сағаттық жолға жалғыз өзім қаланың сыртына шығып кетсем, міндетті түрде жіберіп қоямын отырардың алдында. Ағаны көрсем, аға мен сіздің нөміріңізді жіберіп қойдым если что дегендей. Кстати лайфхак сөйтіп айтсаңыздар болады сәлеметсіз бе қайырлы кеш мен сіздің нөміріңізді жіберіп қойдым если что деген сияқты ше. Кішкене ол да напряжение алып отырсын, ответсвенность алып.

Аружан Бекешова, блогер:

- Негізі қазір таксиде барлығы определенный тесттен өтеді ғой психологический. Менің ойымша, ол тесттер дұрыс жасалмаған. Өйткені онлайн тапсырады да, сосын психологический ауруы бар любой адам за рулем отыруы мүмкін да. Тесттерді дұрыстап жасау керек, водительдермен көзбе-көз психологический тесттен өту керек деп ойлаймын.

- Өзіңіз таксиге отырғанда маршрутын үнемі бақылап, нөмірін жұбайыңызға жіберіп қойып отырасыз ба?

- Иә, мен өзім определенный приложениемен ғана жүремін. Және де менің маршрутым әрдайым сос дегенді басқан кезде менің анама және күйеуіме уже сигнал кететін болады, менің геолакациям.

Жабық көрсетілімнен шыққан көрерменнің таңданысында шек жоқ. «Қорқыныш, үрей, аяныш секілді күйлерді кейіпкерлермен бірге сезіндік»-дейді киномандар. Күтпеген эпилог болғанын да жасырмайды.

Ақбота Нұрахын, блогер:

- Бұл фильмді барынша проще, барынша қарапайым түсірілген будто сіздің өміріңізге сырттай қарап отырған секілді, ешқандай без покраски, ешқандай артық ештеңе қосылмаған. Ең соңы мүлде бәрін ауыстырып жіберді да.

Айсажан Тұрғанов, блогер:

- Фильм 10нан 10 десе де болады. Өйткені көп эмоция берді. Адамдар өздерін ойлау керек, өзінің безопастность и сразу защитный функция бар да, біреуге жібере салып геолакация дегендей. Қазір көп қой защитный механизм. Сондай инстикнт самосохранение болу керек адамдарда, қыздарда.

Айдана Шалқар, @aiudna

- Жолдан тоқтатқан таксидің маршрутын үнемі бақылауда ұстаңыз. Тіпті таксопарктың көліктеріне мінерде, мемлекеттік нөмірін жақындарыңызға жіберіп қойыңыз. Картинаның негізгі месседжі де осы. Жолаушы, таксиге мінерде абай болыңыз!