Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- Қазақша терапия! Бұл - дәстүрлі музыкамен жан дертін емдейтін терапия! Нағыз құлақтан кіріп, бойды балқытатын дауа терапия! Ұлттық кодты іске қосатын терапия! Біз бүгін әлеуметтік желіде мейнстримге айналған концертке келдік!
«Qazaqsha терапия» - дәстүрлі өнердің заманауи интерпритациясы. Көненің көзі болған ән мен жырды, күй мен термені бүгінгі тенденцияға үйлестірген. Әлеуметтік желіде кең тарап, мейнстримге әп сәтте айналып кетті. Нәтижесі – 6-ші концертте ине шаншыр жер жоқ.
Әсет Есжан, актер, жоба авторы:
- Небәрі жарты жылда трендке шығып, сұранысқа ие болды.
Бір ауызашарда отырып идея келді да дәстүрлі әндерді кішкене қосып көрейікші деп. Бірақ, мынандай команда жоқ ол кезде, бір 10 адаммен қуыршақ театрында 200 адамға бердік. Халық артынан жаза бастады, жастар: - Мынаны жалғастыру керек, біз тағы да келетін едік, - деген сияқты.
- Арбатта жастар жылатып, метрода жолаушылар шулатып жүрсіздер. Мұндай пиар қадам сіздің жарыңызға тиесілі иә, қателеспесем?
- Өзімнің жан-жарым Азиза Даулетханова көп үлесін тигізді. Маркетингте басшы болып енді сол жұмыс жасады деп айтуға келеді. Кейін енді екеуіміз бірдей шапқылап кеттік та, отбасы жағдай өздеріңіз түсінесіздер. Ол негізі актриса. Мен сол актрисалығын сол отбасы жағдай үшін қойдырғам. Содан кейін осы саладан да ренжісе де, басында жыласа да түсіндіріп айтып үйге отырғызуға тура келді.
Әсет Есжан, актер, жоба авторы:
- Құдай қаласа көктем келсе ат мініп алып Алматыны араласақ па деп ойлап отырмыз. Мына идеяны бірақ, біреулер алып қойып жүрмесін, мынаны алып қоймасын десең.
- Шыны керек, өзіңіздің ұжымыңыздағы өнерпаздар көшеге шығып, көшеге деп ән айтқаннан намыстанбады ма алғашында?
- Маған әйелім соны айтқанда бірден жоқ дедім. *Маған бір: - Ей, Әсет не болды? Сен Арбатқа барып ән айтып кетіпсің ғой, - деген сияқты бір сасық көкірек қой былайша айтқанда. Сүйтіп қоймады, маркетинг керек шығайықшы деп. Шықтық та, ана қыздың жылап қалған видеосынан кейін мен айттым: - Енді, кез келген жерге барам, - дедім.
Әсет Есжан, актер, жоба авторы:
- Көп көрерменге сахнада имам өнер көрсетіп жатқан сияқты сезілгені рас. Қалай ойлайсыз, «Дәстүр» фильміндегі образыңыз сізге танымалдылығыңызды еселеді ма?
- Иә, мен келесі жолы сол 1-жылдықта құран оқысам ба деп отырмын басында. Қалжың. Қалжың ғой. Танымалдылығымды еселеді.
Әсет Есжан бастаған «Qazaqsha терапия» ұжымы алғашында 20 өнерпаздан бастаса, бүгінде труппада 60-қа жуық өнерпаз бар.
Нұрболат Қыдырбаев, музыкалық жетекші:
- Дәл қазір менің жанымда «Қазақша терапия» ұжымының музыкалық жетекшісі және де «Оян, қазақ!» фильмінің композиторы – Нұрболат Қыдырбаев тұр.
- Жалпы ниетіміз, арманымыз, мақсатымыз алдыдағы үлкен-үлкен қалаларға, енді жалпы Қазақстаннан бөлек те түрік әлемі болсын, жалпы Европа, Америка сол жаққа барып біздің, қазақтың, нағыз қазақтың дәстүрлі музыкасын, өнерін насихаттау былайша айтқанда.
Руслан Бағашар, мультиинструменталист:
- Сіз мультиинструменталистсіз. Бүгін қанша аспапта ойнадыңыз?
- Бүгін бір примерно 3-4 аспап болды ғой. Так, ұрмалы аспаптар, дабыл болды, жинбей болды, сылдырмақ, майда-шүйде аспаптар болды. Мысалы, бүгінгі концерт өте ерекше болды біз өзіміз үшін. Өзіміз кішкене шок боп тұрмыз қазір.
- Неден шок боп тұрсыздар?
- Халықтың ықыласынан скорее всего, энергетикасы ғой мықты болды бүгін. Өте мықты болды энергетика.
Жанар Айжанова, актриса:
- Халық әндерінің бір кереметтігі рэпқа салсаң да, рокка салсаң да, лирикаға салсаң да симфониялық оркестрмен айтсаң да ансамблмен айтсаң да фольклормен ол әмбебап әндері. Сондықтан да бүгінгі концерт қояйын деп отқан топтың мүшелерінің барлығы, *07:40 балалар өздерінің не жасап жатқандарын білетін балалар. Оларға сын айту да қиын.
Жұлдызды қонақтар арасында ИК-лық Алдияр Жапарханов та болды. Оның кештен шабыт алғаны соншалық, Алдик Әсет Есжанға ерекше ұсыныс жасаған.
Әсет Есжан, актер, жоба авторы:
Алдиярды шақырғанбыз. Сол фильмнің сценаристі, білесіздер ғой ИК тобынан танымал. Алдияр кәдімгі шок боп кеп тұр сахнаға: - Мә, братан мен күткен жоқпын мынандай нәрсе. Және саған бір ұсыныс бар, - деп кетті сразу. Соған қарағанда енді алдағы уақытта ол жігіттермен де бір жұмыс істесіп қалуымыз да мүмкін сияқты.
Ермек Шынболатов, актер:
- Концерттен қандай әсер алдың?
- Әсерді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Көзге жас кеп, жаңағы қазақ өзіміздің қандай мықты ұлт екенімізді еске түсіретін сондай іштегі рухты оятатын, өте керемет концерт, өте керемет қойылым.
- Рухтандың ба?
- Өте-өте қатты. Мына туды үйге барып іліп қойсам ба деп отырмын міндетті түрде.
Тұрыс Ыдырыс, әнші:
- Менің күткенімнен де зор болды. Маған өте қатты ұнады. Андай қазақи рухың оянып, қазақ әніне, қазақ әндеріне деген, қазақ музыкасына деген құрметіміз одан сайын асты. Шынында, өте ұлт үшін, қазақ үшін өте керемет жұмыс жасалған.
- Жаныңа терапия болды ма?
- Иә, шынында қазақша, шынында керек терапия болды.
Әсет Есжан, актер, жоба авторы:
- Аншлаг өткен концерттердің, қаражаттың бір бөлігі қайырымдылыққа кетіп жүрді осы уақытқа дейін де, алдағы уақытта да болады. Өздеріңізге жетіп артыла ма? Ұжымда қаншама адамның ақысы бар дегендей.
- Шынымды айтайын, осы уақытқа дейін Қазақша терапиядан бір тиын алған емеспін. Тек салдым. Бұл проект әлі де минуста жатыр. Өйткені, мына жерде тұрған 60 өнерпаз сенің жағдайыңа әрдайым кіре бермейді ғой.
- Фильм де таспалаймыз деп айтып қалдыңыз, бұл қаншалықты мүмкін?
- Ниет бар. «Қазақша терапия» тек бір сахналық концертпен емес, спектакльмен, киномен де халыққа жол табады деп ойлайм.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- Мына кешке келген әрбір көрермен рухтанып шығатыны сөзсіз! Бұл вайбты экраннан ғана емес, өз көзіңізбен көруге кеңес береміз!