Мейрамбек Беспаевтың денсаулығы сыр берді

Сообщить о проблеме с эфиром

Поэзиялық-ән кеші Зайтовтың қара өлеңінен басталды. Арты әнге ұласты.

Афишадағы кіл сен тұр мен атайындардың арасында – Мейрамбек Бесбаев та болды. Дегенмен концертке санаулы сағаттар қалғанда Мейрамбектің денсаулығы сыр берген. Ұжым: әнші кешке қатыспайды дегенге дайын отырған. Бірақ Бесбаев шарада төбе көрсетті. Ақынды қолдап келгендердің арасында МузАрттық Сәкен Майғазиев те бар.

 

Сәкен Майғазиев, әнші:

– Менің ән қоржынымдағы «Бал әнім» деген ән және «Сағынып жүрмін» деген ән. Сосын «Қалың қалай?» тағы бірнеше әндердің сөзін жазған Ринат. Ринаттың актерлық шеберлігі де бар. Дариға Тұранқұлова сияқты біздің қазақтың мақтанышы, ұстазымыздың төл шәкірті деп айтсақ та артық емес.

– Аға, 2016 жылы Ринат ағамыз кеш берді. Сол кезде сіз бір сұқбатта айтыпсыз: Ринат, ноқтаға басы сыймайтын, асау ақын деп. Ол мінез уақыттың ағымымен, жылдардың жылжуымен өзгерді ма?

– Шынында ноқтаға басы сыймайды. Өйткені кейде бір сұлулықты көзбен, сөзбен жеткізе алмаған нәрсені төрт-ақ жолмен жеткізіп жататын ақындарды Алла тағала өзі керемет қасиет берген ғой.

 

Кештің шашбауын көтеріп, Ринаттың қаладағы жеке көлік жүргізушісі осы жолы Әсет Иманғали болған. Екеуінің достықтары 1998 жылдан басталған. Тіпті ақынның үйленуіне актер себепкер. Әсет ғашығына барса, сылқым әр кездесуге құрбысын ерте шығады екен. Бір күні Иманғали-тегі

үнемі үшінші боп жүретін Зульфияны, Зайытовпен таныстырған.

– Зульфия жеңешемізбен Ринат ағамызды таныстырған, табыстырған өзіңіз иә?

Әсет Иманғали, актер:

– Бір күні ертіп барсам, бұлқан-талқан болып келді маған. Әй, не болды дедім. Әй, қызыңа айтшы дейді да. Немене қызды ертіп шыққан жанына. Төп-төрт бұрышты бір қыз. Не былай айналмайды, не былай айналмайды деді. Сөйттім де енді, еее деп қоя салғанбыз. Сөйтіп жүріп, екеуі бізден бұрын үйленіп кетті ғой. Менің келіншегім олар үйленгенде қыз жолдас болды.

Әріптесін қолдай келген Мақсат Толықбай, жұртты жойқын дауысымен бір дүрсілкіндіріп алды. Бұған дейін тек тілші, диктор, депутат Мақсат – тәп-тәуір әнші де екен.

Мақсат Толықбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Ринат Рифхатұлы тек қана әріптес емес қой. Біз бұрыннан араласатын отбасылық дос. – Енді оншақты жыл болмаса да жақын араласқанымызға, бір 6-7 жыл болды деп айтуға болатын шығар. Қазір Астанада көршіміз. Бір біріміздің үйге қонаққа барып тұрамыз. Ол етке шақырады, мен етке шақырамын дегендей.

Ақынды қолдап Аягөзден Ринаттың әкесі Рифхат Дүйсекенов арнайы келген. Бірақ кеште Зайытовтың анасы көрінбеді. «Менсіз өткізе беріңіздер»,-деп бас тартыпты.

Рифхат Дүйсекенов, Р. Зайытовтың әкесі:

– Қазақта бір сөз бар: ұқсамасаң, тумағыр деген. Мен енді екі сөздің біріне келмейтін сондай жаман мінезім бар еді. Өзім жаман екенін кейіннен білдім. Балама қарап. Тартып туса не істеймін енді. Болды иә, көп нәрселер болды осы мінезінен көргеніміз.

– Мінезіңіз басылды ма? Қазір қалай?

– Басылады ғой. 70-ке келдім ғой қанша айтқанмен.

– Жүректі, көзді әрі сөзді ақынсыз?

Кімдерге абайлаңыз деп жатырсыз?

Ринат Зайытов, ақын:

– Жоқ, «Абайлаңыздар» деген біздің Ерген екеуіміздің әніміз. Осыдан 5 жылдай бұрын шыққан ән. Бірақ сол ән шыққан кезде көп нәрсе айтқымыз келіп еді. Халыққа, тыңдарманға. Өкінішке қарай, ол ән +00:53 – өзінің тиісті тыңдарманына жете алмай қалды. Бір жағы сол әннің жарнамасы болсын, бір жағы концертке атқа да әдемі келіп тұрғаннан кейін қоя салдық.

– Әр іске мұқият қарайтын адамдардың қатарынансыз. Жалпы бұл кешке дайындық қанша уақыт жүрді?

Ринат Зайытов, ақын:

– Бұл кешке дайындық енді ондай болған жоқ енді. Себебі 2022 жылғы кішігірім Алатауда берген концерттегі нөмірлерден алдық. Сол кішкене жеңілдік туындатты. Содан кейін менің жұмыстарым болғаннан кейін, жұмыс басты болғаннан кейін бізге ақысыз демалыс 10 күнге ғана беріледі ары кетсе. Сол 10 күнді пайдаланып шама келгенше дайындалдық. Қобалжу жоқ емес, бар.