Марйам Сатай алғаш рет қызы Иманды көрсетті!

Сообщить о проблеме с эфиром

– Бүгін REVUE NEWS-та эксклюзив! Марйам Сатайдан бөлек, кішкентай Иман бізге сұқбат береді иә? Кішкентай кезінен, қырқынан шыға сала түсірілім алаңдарында жүрдің. Бөпеңді қоларбамен түсірілім алаңына алып келіп жүргеніңді көрдім. Жалпы сол кезде қиындық болған жоқ па?

Марйам Сатай, актриса:

– Негізі болған қиындық. Бірақ менімен қасымда мамам болған. И менің сіңілім.

- Мамаң ол енең ба?

- Өз мамам. Олар прямо қатты көмектесіп, әрқашан съемкада қасымда жүріп, коляскамен, кейде маған емізген кезде әкеліп жүрген. И сол маған өте-өте қатты көмек болған.

– Иман камерадан қорқып тұрған жоқ. Тіпті менің микрофонымды ұстағысы келіп жатыр. Демек түсірілім алаңына төселген ғой иә?

Марйам Сатай, актриса:

– Иә. Негізі съемкаға да, все время циркта жүрміз бірге, бүкіл жұмыста. Адамдарға, бүкіл процесске уже үйренген.

- Сен де, жұбайың да аттың құлағында ойнайсыңдар. Кішкентай Иманның атқа қызығушылығы қалай?

- Иман атқа қатты жақын болды. Потому что күнде циркта жүріп атқа қатты-қатты жақындап сұрап тұрады: мен өзім отырайыншы, ешкім мені ұстамасыншы деп.

– Иманның ең бірінші айтқан сөзі қандай болды?

Марйам Сатай, актриса:

– Мама.

- Қазір айта ала ма «Мама» деп?

- Мама деші... Ұялып тұр кішкене.

- Папасына ұқсайтын сияқты иә?

- Иә, папасына тура ұқсайды. Копиясы ғой.

Бүгінде іздегендер Марйамды цирк алаңынан табады. Актриса әзірге толықметрлерге ұсыныстардың азайғанын айтады.

– Жеке шығармашылығыңда қандай жаңалық? Жақында сені қандай толықметрлерден көре аламыз?

Марйам Сатай, актриса:

– Пока что ешқандай жаңа жұмыстар жоқ. Мені қазір циркта көруге болады. Біз гастрольда жүрміз. И скоро біздің циркта тоже программа болады. А так пока что кинода тыныштық болып тұр.

– Кинода басты рөлдерде жүрсің ғой. Өзіңнің ойнағың келетін, сомадағың келетін образ бар ма?

Марйам Сатай, актриса:

– Мен көбірек жақсы қыздарды ойнаймын. Біреудің қызы, біреудің сіңілісі, әйелі сияқты. Енді менің негізгі арманым антигерой тоже маған қызық и осындай батыл қыз, дерзкий бір персонаж, өте сондай смелый.