“Чина братан” Рауан Романи Африкада құдық салдырады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Рауан Романидің Нигериядан елге оралғанына көп болмады. Актер Қазақстан мен Африка бірігіп таспалаған экшн аралас комедияда басты рөлді ойнаған.

– Сені көргеніме қуаныштымын! Ең алдымен Африкаға сапарың туралы сөйлессек?

Рауан Романи, актер:

– Керемет өтті. Жалпы айтқанда көптеген тәжірибе жинадық. Съемка, бәрі ойдағыдай болды. Бұл деген аса жауапкершілікпен түсірілген фильм деп ойлаймын. Өйткені Нигерия мен Қазақстанның арасындағы ең үлкен бір жоба. Болашақта бұйыртса апрель айында шығады. Күтіңіздер.

– Образыңа тоқталайықшы?

Рауан Романи, актер:

– Образ – Арсен деген персонажды сомдаймын. Арсен деген байдың баласы. Адамды адамға санамайды. Болады ғой өзі бір сондай.

- Өмірдегі Рауан Романиге ұқсайды демек?

- Жоқ. Олай емес. Жалпы күрделі персонаж. Фильмнің аты «Адам бол» деп аталады. Ағылшынша «Стей хюман». Соңында менің персонажым өз өзіне келіп, адам болады.

Рауан Африка жерінде бір айға жуық болған. Сол уақыт аралығында әбден қиналған. Ондағы жоқшылық, аш-жалаңаш балалар жанына тыныштық бермеген. Тіпті түсірілім алаңында жылап қалған кездері де болыпты.

– Қанша күн болдыңдар?

Рауан Романи, актер:

– Үш апта болдық. Нигерия деген Африкада кішкене жағдайлары өте нашар. Экономика жағы болсын. Көптеген ауыр картиналар көрдім. Съемканың арасында бір жылап-жылап алам да, қайттан түсеміз. Бізге келіп, площадкаға келіп ақша сұрайды, көмек сұрайды. Қалтаңда не бар, соның бәрін бересің.

Түсірілім актерға тек психологиялық жағынан ғана емес, физикалық та қиындық тудырған. Ең әуелі жергілікті жұрттың тамағы, Рауанның асқазанына жақпапты. Үш апта тек фаст футпен ауқаттанған.

– Тамақ жағы, су жағы қалай болды?

Рауан Романи, актер:

– Тамақ жағы айта алмаймын енді. Тамақтары... Ащы тамақ жейді екен нигриецтар. Бірінші екінші күні жедім. Үшінші күні ішім өтті.

– Қанша келі қостың?

– Қосқан жоқпын мен. Наоборот түсірдім. Қырық градус ыстық. Күнде терлейсің. Термен бәрі шығып кетеді.

Рауан Нигерия жерінде сәуірде, тәуір болады деп отыр. Қала берді актер, ауызша жанашырлық танытудан аулақ екенін айтады. Түсірілім тобымен бірігіп, жақсылық жасамақ ниетте екен.

Рауан Романи, актер:

– Құдай қаласа, апрельде біз Қазақстанның атынан бір құдық ашамыз.

- Нигерияда ма?

- Нигерияда құдық ашамыз иә Алла қаласа.

- Сен арнайы барасың иә?