Елімізде ажырасудың көбейгенін айтып, себебін алдынғы буын ағалардан сұрап көрдік:
– Енді үлкен поколение ретінде ойларыңызды білсек?
Қуандық Шәкіржанов, актер:
–Тәрбиеден ғой барлығы. Басқа әңгіме жоқ.
Тәрбие тал бесіктен дегенді ұстанатындардың бірі – Жанатбек Бәйтеков. «Біз түп тамырымызды ұмыта бастадық. Бәрі соның кесірі»,-дейді ол.
Жанатбек Бәйтеков, актер:
– Отан отбасынан басталады дейді. Негізі қазақ бекер айтпаған сол отан ошақтың басынан, оттың басынан басталады. Сол жерде дұрыс әңгіме болатын болса, барған жеріне балдай батып деген, сол дүниелерді дұрыс сіңдірсе.
Адамның бойындағы арды, намысты ояту керек. Үлкен бір тамырымыз бар еді: ар, ұят, намыс деген соның бәрін сабыр етіңдер, бір бетіңді ұрса екінші бетіңді тоса бер деп сол сабырлыққа жүгендеп, жүгендеп үйретіп қойған сияқты.
Ене мен келін тақырыбын көтеріп жүрген автор, сценарист, режиссер – Нұржан Еркінұлы: әйелдер арасында мизогиния басым. Салдары ажырасуға алып келеді, - дейді.
– Ажырасуға алып келетін басты факторлар неде деп ойлайсыз?
Нұржан Еркінұлы, автор, сценарист:
– Басты фактор деп нақты айту қиын. Бірақ басты себептердің бірі деп айтайық. Ол: ене мен келіннің сыйыспауы.
Ене мен келін тақырыбын отбасылық өмірде тәжірибесі басым актрисаларға жолдап көрдік:
– Келінімді қызымдай көрем деген рас па?
Мадина Сабыр, актриса, блогер:
– Жоқ. Менің ойымша келіннің орны бөлек. Келін бақ әкеледі, бақыт алып келеді. Келін өзгеше орны бөлек, қыздың орны әрине бөлек. Мен сені қызымдай көрем деген сөз дұрыс емес деп ойлаймын.
Сабира Жарасқызы, актриса, блогер:
-Негізі менің енем маған сені қызымдай көрем деп айтқан емес. Бірақ қызындай көреді. Негізі в деле.