Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Маған айтқан бір сөзіңде өзім де кино түсіргім келеді деген едің.
Олжас Абай, актер:
– Менікі февральдің 10-ы басталады бұйыртса.
- Концепцияны білсек бола ма? Әлде құпия ма? Барған кезде білеміз ба?
- Енді оған арнайы өзім шақыртам. Келесіңдер. Әңгімелесеміз. Айтамыз.
Олжас киносының концепиясын жасырып қалғысы келді. Бірақ біз актердың басқа құпиясын сұрап көрдік. Дегенмен Очоу жанама жауап қатты.
– Соңғы түскен фильмдеріңнің бірі «Таптым-ау сені» миллиардтан аса қаражат жинады. Жалпы кассадан актерларға пайда бар ма?
Олжас Абай, актер:
– Ол енді әр актердың өзіне байланысты.
- Саған қатысты?
- Маған барлық жерден пайда бар ғой.
Очоу мен Дариға Бадықова тағы фит жазды. «Сезім үшін» трегі 3 айда 26 миллионнан аса қаралым жинаған соң, жұрт арасында екеуінің дуэтіне сұраныс артқан. Сосын «Жүрек» деп ән жазған.
– «Жүрек» деген дуэт жаздыңдар Дариға Бадықовамен. «Жүрек» бұрынғы «Таңғы кофе» мен білетін. 7 жыл бұрынғы. Тексерілген, хит болған әнді қоя салу қандай ход?
Олжас Абай, актер:
– Қоя салу керек болды. Өйткені сол ән хит болып кеткеннен кейін енді шақыртып кетті ғой жан жаққа. Ән жоқ. Сол Дариға екеуіміз бір-ақ әнмен ұят болып қалмасын деп, екінші ән шығара салдық. Атын өзгертіп. Өйткені уақыт болмады бізде. Сонымен досрочно бір сағаттың ішінде жаза салдық. Енді чтоб жұп болсын деген кезде екінші болсын деп.
Олжас та жақында өз киносының түсіріліміне кіріседі. Дегенмен Дариға ханыммен шығармашылық байланысының мықты екенін айтады. Бадықованың келесі лентасына ұсыныс та алып үлгерген. Одан бөлек, актриса Очоудың толықметрдегі бастамасына ақылын айтып, процесске атсалысып жатқанға ұқсайды.
– Дариға ханымның толықметрінде төбе көрсетесің ба?
Олжас Абай, актер:
– Иә. Обязательно. Өйткені киноға атсалысуға, менің екінші проектіме атсалысуға Дариғаның үлкен себебі бар. Сол себепті «Таптым-ау сенінің» екіншісіне дейін өз жобама үлкен сенім бар енді. Бір бірімізге балтаның қызып тұрған шағында бар өнерімізді беріп, жетістікке жетудің бір себебі деп ойлаймын.
Дегенмен, танымал екеуді халық арасында даттап жатқандар да жетерлік. «Таптым-ау сені» толықметрін көрген кәсіпкер Ахметбек Нұрсила фейсбук желісінде: Қазіргі көрсетіліп жатқан қазақ киноларының бәрі осындай болса онда масқара. Құрыған біткен екенбіз,-деді. Ал актер Нышанбек Жұбанаевтың: трейлерінен-ақ киноның немен басталып, немен аяқталатынын біліп тұрмын,-деген сұқбаттағы сөзіне Очоу жауап қатты. «Е, группалас, әңгімем сенімен болсын. «Теоретик» көріпсің біраз. Студенттік шақты еске алып, есіңді жинатайын,-деп ашуына мінді.
Тиктокта тараған мына видеода Дариға мен Очоуды тойда жеке күзет қорғап, қоршап тұрғанын байқауға болады. Бұны көрген жұрт:
1 коммент: Қайрат пен Димаш охранасыз жүреді даже. Кеше шығып, бұларға не болған?
2 коммент: Таптап кететін халықты да көріп тұрғам жоқ. Той ғой. Басқа әлемге аты әйгілі әншілердің шықпай жүрген жаны.
3 коммент: осы халық болмағанда кім едіңдер сендер?
Жазылып жатқан комментарийлердің дені осындай. Бірақ жақтап жатқандар да жетерлік. Пікір қақ жарылған. Жоғарыдағы жағдайларға байланысты қос өнерпаздың пікірін әлі сұраймыз.