«Ирина Кайратовна» тобының жігіттері күйзеліске түскен

Сообщить о проблеме с эфиром

«Adjare Gudju» - жарияланса, бейнебаянға селсоқ қарап, сабырлы отыратындар кемде-кем болар еді. Қоғамда сең қозғалып, саясат сахнасындағы кейбір фигураттарға ауыр тиері сөзсіз. Халықтың да өре түрегелуі ғажап емес дейді ИК-лықтар. Бірақ, туынды таспаланып, әріптестері арасында презентация жасалғанда, оны желіге жүктеуге тиым салынған. Тіпті, «басқа бәле тілеп қайтесіңдер» деген кеңесін айтқандар да аз болмапты.

Алдияр Жапарханов, «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі:

- Шықпайды. Өте үлкен теманы қозғау керек ол үшін. Мен қазір оны екі сөйлемде айта алмаймын. Не істемесек те өкініш жоқ, өйткені қателесу де ол керек деп ойлаймын. Біз тарамадық, это уже жетістік.

Алдик қазір мәселеге салқынқанды қарағанымен, ол сәтте күйзелгендерін жасырмайды.

Алдияр Жапарханов, «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі:

- Негізі Құдайдың хайыры бар демекші, «Аджара гуджу» клипі шыға алмай жүріп, біз қатты депрессияда жүргенбіз негізі. Сосын «Чина» жақсы кірді.

«Adjare Gudju» бейнебаяны шықпаса да, жігіттер қол қусырып қарап отырмады. Бірден «Чина» әніне клип ұсынып, тренд тағынан тайып кетпеуге тырысты.

Рауан Романи, актер:

- Чина деген отдельный бір персонаж бөлек, ол тарих. Бір қарасаң, ол деген махаббат, қыздардың крашы. Кішкентай балдарға супергерой. Ол деген үлкен бір мотиватор. Мен үшін білмеймін енді ерекше сезім. Сіз айтақдай актерлар олай әртістермін, музыкальный әртістермен жүрмейді. Мен үшін бір үлкен открытие деп айтсам болады. Как говорится кайфую.

7 ай бұрын жарық көрген «Чина» бейнебаяны YouTube видеохостингінде 104 миллионнан астам қаралым жинаса, TikTok-тағылар 2 миллиард рет көрген. Бұл рекордтық көрсеткіш.

«Дәстүр» хоррорының сәтті шығуы Алдияр Жапархановтың үлкен киноға қызығушылығын аша түсті. Сондықтан, «ИК»-лықтар өздері жайлы фильм таспалауды жоспарлап отыр. Туынды комедия жанрында боламақ.

Алдияр Жапарханов, «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі:

- «ИК»-ның фильмі шығады дегенде сценарий бар, дайын тұр, бірақ ол комедия. Біз комедия жасағымыз келмейді. Просто күту керек сияқты. Әйтпесе екінің бірі кино түсіріп кетті.

Былтыр ворлд тур жасаған ИК-лық жігіттер биыл да шетелдік сахнаға шығуға ниетті. Бұл жолы кішігірім клуб емес, арена жинасақ дейді.

Алдияр Жапарханов, «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі:

- Әлемге шығу. Көбірек енді қазақтың мәдениетін енді Америкаға, Чикаго, Нью-Йоркта тағы бір концерттер болса тек клубтарда емес, енді стадионды жинау деген мақсат бар.