2024 жыл Дархан мен Дари үшін өте сәтті басталды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Шалқар, @aiudna

- Жолшыбековтер әулетіне +1 сәби! Құрсақ шашу жасап, өмірге ханшайым келетінін хабарлағанда Дархан мен Дари алғашқы болып Revue News -тен сүйінші сұраған еді. Ал, бүгін Дарханқызының перзентханадан шығуына куә боламыз!

- Перзентханадан шығару сәтіне қалай дайындалдыңыз?

Дархан Жолшыбеков, блогер:

- Дари жүкті кезінде жақындаған кезде кішкене ауырып қалған еді гриппен. Оказывается ол балаға өтеді екен да. Сонымен айтты осылай-осылай сіздер жақында ауырғансыздар, сондықтан да қазір көп адам шақырудың, қонақтарды шақыруды ондайды қойыңдар деп сразу айтты. Даладан көрсеңіз менің 5-6 досым ғана бар, вот соларды ғана шақырдым, жаңағы 1-2 скрипач кішкене атмосфера болсын деген оймен. Қызық болсын деген оймен. Үйде қазір ет асылып жатыр, қалжасы берілейін деп жатыр, өз ортамызда кішігірім болып қана өтетін болды.

- Осындай сәттерде тезірек әке атансам деген ой бола ма?

Baha Puper, блогер:

- Сол боп жатыр, машинамның артына любимая деп жабыстырып қойып, іште сондай бір сезімдер болса екен деп жатырмыз енді. Бұйырса ол күнге де жетерміз.

Damelya Sweet, блогер:

- Менің құрбым туды аман-есен, самое главное она здорова, доча здорова, ждем все толпой.

Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:

- Өзіме ойлап жатырмын да, осы бәрінің выпискасында, ұзатуында, бесіктойында, тұсаукесерінде жүрмін да, өзім қашан деп ойлап қоямын. Сол сияқты қызық боп жатыр.

Әлішер Қонысбаев, блогер:

- Жеңгешка күнде туып жатқан жоқ, соған қуанышын бөлісіп келдік, қазір енді шығарамыз, Дархан да қыз, енді бұйырса үлкен бір азаматша боп өссін.

- Екінші рет ана атануыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Қыз баланы дүниеге әкелу қиын деп жатады. Сол рас па екен?

Daricorn, блогер:

- Негізі вообще бала дүниеге әкелу қиын. Білмеймін ұл мен қыздың разницасын көрмедім.

- Дари босанып жатқан кезде жанында болдыңыз. Қорыққан жоқсыз ба? Дариден де қатты уайымдаған сияқтысыз?

Дархан Жолшыбеков, блогер:

- Кірдік иә қасында болдым, барлығын көріп отырдым, ешқандай уайым болған жоқ, тек Дариға уайымдамауына көмектесіп, яғни қолдап отырдым. Мен уайымдап кетсем Дари вообще не болады деген ой болды. Барынша жеңіл өтті десек те болады, шүкір.

Айта кетейік, Дархан босану бөлмесіне сүйіктісімен бірге кіріп қана қоймай, бүлдіршіннің кіндігін өз қолымен кескен. Блогердің қуанышына ортақтас жолдастары Жолшыбеков секілді босану сәтінде жұбайына серіктес бола ала ма? Өздерінен сұрап көрдік.

Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:

- Мен өзім фелдшермін, өзім талай родыларға кіргем, бірақ мен өзімнің жолдасыма кірем деп айта алмаймын, өйткені кірмеген де дұрыс шығар деп ойлаймын.

Baha Puper, блогер:

- Дархан сияқты жүрек жоқ сияқты бізде. Білмеймін мен енді сәл слабыйлаумын ондай жаққа психологический. Но әйелім ертең боласың десе боласың ғой енді амал жоқ. Ал былай өзім былай еркім жоқ. Қорқынышты сияқты.

Әлішер Қонысбаев, блогер:

- Мен ба, кіремін

- Қорықпайсыз ба?

- Қорықпаймын, айтып қойғам өзім

Жарының барлық жағдайын жасауға тырысатын Дархан бұл жолы да дәстүрінен жаңылмай, Дарикорнды Алматының ең қымбат перзентханаларының біріне орналастырған.

Дархан Жолшыбеков, блогер:

- Негізі өзінің оплатасы 800 мың теңге болады. И потом қасында партнер болып, жатқаны бар, тамағы бар, өзінің тамағы, дәрілер бар деген сияқты. Әлі қазір санаған жоқпыз, енді төлейміз енді.

Айта кетейік, жұлдызды жұп бөбекке есім еншілету жәйін ұзақ ойланды. Нәтижесінде, кесте тігеріне Дариғаның өзі ат қойды. Десе де Жолшыбековтер мұны әзірге құпия ұстап отыр.

Дархан Жолшыбеков, блогер:

- Біз көз тиюден қатты сеніп және қорқатын адамдармыз. Көз тиіп кетпесін, бала 40 күнге дейін, білесіздер ғой қырқынан шыққанға дейін көз тиіп кетуі мүмкін, сондай сияқты жайттар бар, сондықтан біз оны айта алмаймыз.

Daricorn, блогер:

- Енді Д-дан басталатын аттар аз, ішінен ұнағанын таңдап алдық.

- Қырқынан шыққаннан кейін бір-ақ айтасыздар иә?

- Білмеймін, қашан айтамыз?

Айдана Шалқар, @aiudna

- Бүгін Дархан мен Даридың тағы бір қуанышына ортақтасып, алғашқы эмоцияларын өз көзімізбен көрдік. Жұлдызды жұп 2024 жылдың Baby boom-ын бастап берді. Сәби күтіп жүрген отандық әртістерге де осындай эйфорияға толы сәт тезірек жұғысты болсын деп тілейміз.