Тренд пен «Миллион» құрамасы егіз ұғым. YouTube видеохостингінде үздіктердің алғы шебінде, TikTok-та ректен түспейді. «Жездуха» әр сериясы 10 миллионға дейін қаралым жинайды. Бүгінде 47-ші бөлімі жарық көрген веб-сериал енді толықметрге айналмақ.
Мансар Орынхан, «Миллион» командасының мүшесі:
- Қазір 47 бөлімде тұрмыз, енді 48-49 екі бөлімі ғана қалды. 50-ші бөлім кинотеатрларға полныйметр болып шығатын болады және де біздің сериалды көріп жүрген адамдар, көрмей жүрген адамдарға да түсінікті болу үшін сценарийін сондай керемет қылып жаздық.
Жігіттердің айтуынша енді «Жездуха» тек үлкен экрандарға шығады. Фильм прокаты сәтті болса, франшизаға айналмақ. Ремейк – дәстүрлі болады деп жоспарлап отыр.
Мансар Орынхан, «Миллион» командасының мүшесі:
- Қазақстандағы ең номер 1 полныйметр кинолардың бірі болады сенімдеміз Құдай қаласа. Ерекшелігі бұл жерде біз тіл мәселесін, жалпы патриоттық мәселелерді қозғадық. Қазір «Міржақып. Оян Қазақ!» деген фильм шықты ғой, содан кейін біздің фильмде дәл сондай ұлтқа деген, қазаққа деген, елге, жерге деген адамдардың махаббатын ашады деген ойдамыз.
Еске салсақ, «Миллион» құрамасының толықмтердегі дебюты Гүлнұр Мамасарипованың «Келінжан» фильмінде болған еді. Продюсер сол сәтте – «Миллиондықтарды» ұрымтай сәтте ұтымды пайдаландым деген-ді.
Мансар Орынхан, «Миллион» командасының мүшесі:
- Біз бір қулығымызды айтып кетейін «Келінжан» деген киноға түсуіміздің бір себебі сол болды. Бізді Гүлнұр Мамасарипова әпкеміз пайданалды, біз ол кісіні пайдаландық. Барып полныйметр қалай түседі, кім қай жақта болады, кіммен қалай сөйлесу керек. Сол жерде Ернар Нұрғалиев ағамызды көрдік, біздің ойнағанымыз ол кісіге ұнады, ол кісінің түсіргені бізге ұнады.
«Жездуха» фильмінде «Миллионның» жігіттерінен бөлек, Нышанбек Жұбанаев, Нұрсұлтан Жақсыген және Салтанат Серкебаева да бар. Комедия 2024 жылдың 15-ақпанынан бастап үлкен экрандарға шығады.