Дәурен Серғазин режиссерлік еткен әрбір қойылымның TikTok трендінде жүруі қалыпты құбылысқа айналды. Бұл жолғы рекке түскен спектакль – Түркістан музыкалық драма театры сахнасынан.
Айжұлдыз Адайбекова мен Мейірғат Амангелдиннің дәл осы биі желіде миллиондаған қаралым жинады.
Дәурен Серғазин арнайы шақыртумен драматург Саид Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» пьессасына режиссерлік етіп, 3-ші маусымды премьерамен ашты. Ширек ғасыр бұрын сахналаған спектаклге Дәурен жаңа леп берген.
Дәурен Серғазин, қоюшы-режиссер:
- Біз 50 пайызын кішкене өзгерттік десекте болады. Бүгінгі күнге ықшамдап, бүгінгі көрерменге сөзге бүгінгі тынысқа ықшамдадық сондықтан 50 де 50 десек болады.
Шерхан Саматұлы, «Түркістан музыкалық драма театры»-ның актеры:
- Режиссер келген кезде, барлығымызбен танысты, вокалымызды тыңдады, кішірігім кастинг десек те болады, роөлдерді оқытып көрді сүйтіп таңдады.
Айнұр Көпбасарова Түркістан музыкалық драма театрының есігін ашқалы түрлі эксперимент жасайды. Өзге өнер ұжымдарымен коллабарация, тәжірбиелі актерларды арнайы шақыртумен труппаға қосу - соның дәлелі.
Айжұлдыз Адайбекова, актриса:
- Толқу 200 процент бар. Қиын болды мен негізі осылай таза қазақ тілінде сөйлеу мәнерін бір ай бойы практикалық тұрғыда қазақша кітап оқу арқылы күнделікті өз өзіммен жұмыс жасап жүрдім. Менің тілім қазақша да емес, орысша да емес болды.
«Келіндер көтерілісі» спектаклінің Айжұлдыз Адайбекова арнайы шақырту алған. Бұл актрисаның театр сахнасындағы дебюты. Айжұлдызға режиссер орынтағына жайғасқан Дәурен Серғазин жол сілтеп, жәрдемдескен.
Айжұлдыз Адайбекова, актриса:
- Ол кісі профессионалды тұрғыда, ұстаз ретінде әрине өзінің ойын білдіреді, пікірін айтады. Иә мысалы қаталдықты көрсетеді. Оның өзінің орны бар. Ал былай шын өмірде біз өте жақсы доспыз.
Дәурен Серғазин, қоюшы-режиссер:
- Айжұлдызға көп сене бермеңіздер. Перфекционизмнің ұтымды жерлері де бар, әрине кейде кедергі келтіретін жерлері де бар. Бірақ перфекционизм осы театрда тыңғылықты жұмыс жасауға тәртіпке, оның үстіне бұл қойылымда билер бар, әндер бар. Соларды бірдемдей шығуында әрине перфекционизмнің көмегі көп. Сондықтан оны ұтымды пайдалану сол жағын көп ойлау керек.
Қойылым ене мен келін қарым-қатынасы арқылы қоғамдағы нонсенс мәселелерді әжуалайды. Астарлы әзіл - терең ойға батырады.
Айнұр Көпбасарова, театрдың көркемдік жетекшісі:
- Бұл біз үшін тарихи сәт. 18 айда бір қаншама үлкен туындылар жасадық тарихи туындылар. Ал бүгін әзілдің астында, түбінде жатқан бір ойы бар осындай комедиялық шығарма бүкіл актерларды, режиссер Дәурен Серғазинді, бізді театрды құттықтағым келеді.
Айжұлдыз Адайбекова мен Мейірғат Амангелдиннен бөлек, туындыда «Міржақып. Оян Қазақ!» көркем фильміммен таныс Бақыт Хаджибаев та бар. Талантты актерлармен бір сахнаға шығу - бізге берілген үлкен мүмкіндік әрі жауапкершілік - дейді Түркістан музыкалық драма театрының актерлары.
Шерхан Саматұлы, «Түркістан музыкалық драма театры»-ның актеры:
- Бірден сахнаға төселген актерлармен шығу ол бізге көмектеседі керісінше, біз өйткені тек жастар болсақ, әрине қиындау болар еді. * Бізге повезло десек болады.
Қарлығаш Тұрсынбекова, актриса:
- Қобалжу болды, 6-7 минутқа дейін қобалжу болып дірілдеу басылмады. Ары қарай сіңіп кеттік.
1 айдан астам дайындық жүргізілген қойылымның премьерасы аншлагпен өтті. Келген көрермен тік тұрып қошемет білдірді.
Мейірғат Амангелдин, актер:
- Өтірік па шын ба мақтап жатыр бәрі.
Даурен Серғазин, қоюшы-режиссер:
- Бұл әлі шикі қойылым бірінші болғаннан кейін. Менің ойымдағыдай аса бір шықпады. Оның енді бізде дайындық аз болғанның кепілі.
Әділ Ахмет, актер:
- Дауренді құттықтаймын досымды. Тағыда бір кезекті жаңа спектакльімен. Театрдың қоржынына тағы да бір әдемі керемет спектакль келді. Әрбір премьерамыз осындай ангшлагпен өте берсін, ең бастысы көрерменнің ықыласы. Ал көрермен көп болса шығармада ұзақ ғұмыр сүреді.