Айжұлдыз Адайбекова туған күнін дүркіретіп атап өтті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Шалқар, @aiudna

- Өзі әнші, өзі дизайнер, өзі актриса! Біз бүгін Айжұлдыз Адайбекованың туған күн кешіне арнайы қонақ боп келдік. Дресс код-өнер тақырыбында. Джулидің достары оған қандай сыйлық әкелді екен? Қазір өзінен сұрап көрейік

- Ең бірінші боп анаңыз Түркістанға барып тұрып тосынсый жасаған екен. Тосынсыйы қалай, ұнады ма?

Айжұлдыз Адайбекова, актриса:

- Мен бұған дейін театр барысында сол арманымды қатты қалап едім «Мә ең болмаса бір рет көріп кетсе екен»-деп. Ең соңында біреу шапалақтап гүлді алып келе жатыр мен түсінбедім кім екен деп. Мен театрдан басым ауырып кетті ма не болды десем, мамам кеп құшақтап мені құттықтады.

Жанар Айжанова, әнші, актриса:

- Үйде шыдап отыра алмадым. Қанша дегенмен, ол премьерасы тырнақалды. Бұрын театрда ойнаған жоқ. Әбден жілігін шағып, майын ішкен актер, актрисалардың қасында қалай болады екен, аналардың мысы баса ма екен, оның үстіне басты рөл қалай болады деп сөйтіп қарсам, қызымда харизмасы да бар, би бар.

Айжұлдыз өзінің bday party-іне «ART» дресс кодын таңдаған. Меймандар арасынан жылтыр тастарға көмкеріліп, сәнденіп жүргендер де, еш дайындықсыз келгендер де табылды. Сонымен, ең үздік луктың иесі кім?

Айжұлдыз Адайбекова, актриса:

- Өнер тақырыбы ол – шексіз әлем. Сондықтан да адам шексіз өзі қалай киінгісі келеді, солай келсе екен деген менде ниет болды.

Тамирис Жанғазинова, актриса:

- Дресс код исскуство деп естідім. Мен осы жаққа кіре салып «греческая богиня» деп айтып жатыр, я такая ну ладно.

- Бүгінгі дресс кодқа қатты дайындалып келген екеуіңіз сияқтысыздар ғой, иә?

Есентай&Razziuwa:

- Өзіміз ручная работа как говорится. Ай + Жұлдыз деген сияқты сондай мағынада.

Айым Сейтметова, актриса:

- Негізі я недавно воспользовалась стилиста и менің үйіме келіп, 200-дей образ өзі таңдап берді маған. И менің телефонымда 200-дей образ уже бар. Мен просто телефонымды аштым да, көрдім да ну в принципе жақсы деп соны кидім.

C.C.TAY, әнші:

- Енді үйімде бар киімдерді сәйкестендіріп жасадым. Жұмыстарыма байланысты. Бұдан да күшті образ жасауым керек еді, бірақ үлгермей қалдым.

Фариза Ескермес, актриса:

- Мен дресс кодқа үлгермедім. Бізде читка болды да, қазір бір новый проектке дайындық болып жатыр. Сол читкадан сразу шықтым да келдім.

Адайбекова туған күн кешінде туыстары мен достарын бір ортаға жинады. Пати үшін 10 мың долларға шығындалған Айжұлдыз кешті өзі ұйымдастырған.

Айжұлдыз Адайбекова, актриса:

- Қателеспесем, менде 5 млндай шықты. Ақша қайтып келеді, бірақ мұндай жағдай қайтып келмес.

Жанар Айжанова, әнші, актриса:

- Мына жерде қарасаңдар, формат басқа. Біздер ет жейміз ғой, жылқы соямыз ба, сиыр соямыз ба дейміз. Мен қуаныштымын. Айжұлдызымның менсіз-ақ, менің атымды жамылмай-ақ, жаяу жүріп, еңбектеніп, жинаған достары. Шын ықыласымен келіп жатыр және де өзідігінен дастархан жайып, өз қонағын өзі күтіп жатыр.

Айжұлдызға берілген тарту-тарылғының бәрі бағалы бренд. Ал, гүл шоқтары бір дүкен ашуға жетерлік.

Айжұлдыз Адайбекова, актриса:

- Ивсен ларан сумка, брендтық заттар көп алдым.

- Кім берді?

- Достарым. Ең жақсы дос ақша деп айтады ғой. Қалжыңдаймын. Маңызды емес ақшалай ма, гүл ма, жай ғана келу ма, ең бастысы адамда – ниет.

Есентай&Razziuwa:

- Сыйлыққа біздер Айжұлдызға цифровой фотоаппарат заказ бердік. Өйткені, олар енді ғана модаға кіріп жатыр. Айжұлдыз өзі андай өнерлі творческий қыз болғаннан кейін сол фотоаппаратта көп керемет дүниелер жасайды деген ойдамыз.

Айым Сейтметова, актриса:

- Айжұлдыз негізі кепкаларды жақсы көреді. Маған ұнайтын бренд ами пари деген брендтен мен бір кепка сыйладым.

C.C.TAY, әнші:

- Аз да емес, көп те емес. 100 доллардан көп, 1000 доллардан аз дейін. Ақша деген жақсы ғой, ақча, ақча деп па.

Тамирис Жанғазинова, актриса:

- Бүгін мен әдемі сыйлық әкелдім.

- Қандай?

- Алқа мойынға тағатын және де әтір.

Фариза Ескермес, актриса:

- Мен өзімнің ең сүйікті 2 кітабымды алып келдім оған. Қияли мистикалық әлем туралы кітап. Айжұлдыз өзі сондай қияли, мистикалық қыз мен үшін. Өте ерекше қыз.

Сәнді де, киноны да, театрды да бағындырған Адайбекова жаңа жасында өз сүйіктісімен бірге болғысы келетінін жасырмады.

Айжұлдыз Адайбекова, актриса:

- Жаңа жасымнан жаңа биіктіктерді, жақсы нәтижелерді, бақытты болуымды, жақсы көретін адамыммен қосылуымды тілеймін.

Айдана Шалқар, @aiudna

- Джулиді құттықтап, қуанышына ортақтасып келгендердің қарасы көп. Биыл 27-ге аяқ басқан Адайбекова: “Әлі талай белесті бағындырамын”-дейді. Ендеше, өнер мен сұлулыққа жаны құмар аруға тек қана бақыт тілейміз.