Еңліктің Динара Сәтжаннан тойға 12 миллион теңге гонорар сұрағаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Yenlik, рэпер:

- 12 млн емес. Ол кішкене өтірік айтып жіберіпті. Білмеймін, мүмкін дұрыс естімеген шығар. Мүмкін дұрыс айтпаған шығар. Ондай емес. Менің ойымша, ол мүмкін емес нәрсе. Мен Роза Рымбаева емеспін, мен Димаш Құдайбергенов емеспін бүкіл әлемге әйгілі. Ол баға миға кішкене қонымсыз нәрсе. Сондықтан ол – дизинформация.

Арудың артынан ерген сөздер мұнымен бітпейді. Мәселен, Еңліктің Шизамен фитінен кейін жанкүйерлері: «Жаңа жұп пайда болды» - деп сыбыс таратқан еді. Десе де, рэпер ресми мәлімдеме жасамады. Бірақ біз бұл сауалға да нақты жауап ала алдық.

Yenlik, рэпер:

- Себебі, біз қосылмағанбыз деп па. Себебі, ондай ештеңе жоқ. Шиза менің ағам сияқты.

Еңліктің жанкүйерлеріне дайындаған тосынсыйлары бар. Көптен бері жаңа бейнебаян ұсынбаған әнші жақында камбэк пен ерекше коллаборациялар болатынын хабарлады.

Yenlik, рэпер:

- Бұйырса күзде деп отырмын. Иә, күшті жаңалықтармен сіздермен бөлісеміз.

- Жақсы, күтеміз. Ал, алдағы уақытта басқа да әртістермен коллабарация бола ма?

Yenlik, рэпер:

- Иә, болады. Бірақ көп емес. Алдыңғы жылдардағыдай көп емес. Бірақ болады.

- Жалпы біз бәріміз білеміз, сіздің негізгі мамандығыңыз - ағылшын тілі пәні мұғалімі. Осы тұрғыда толықтай ағылшын тілінде альбом жазып шығу ойыңызда бар ма?

Yenlik, рэпер:

- Альбом емес. Бір-екі ән болуы мүмкін ағылшын тілінде. Бірақ альбом арнамаймын. Себебі, мен қазақ тіліндегі әндерді көтеру үшін, қазақ тілін көтеру үшін осы шығармашылықты бастадым. Сондықтан басқа тілде қатты керек емес сияқты. Қызық болсын деп, тәжірибе ретінде көруге болады, әрине. Бірақ альбомды ағылшын тілінде, жоқ жазбаймын.