Сэй Мо да жаңа образдар тіктіріп жатыр

Сообщить о проблеме с эфиром

«Армандар орындалады!». Сэй Мо осылай деп инста парақшасында сүйінші сұрады. Иә, жұлдыз осыған дейін америкалық әртістерден үлгі алатынын талай рет айтқан еді. Ал, енді өзі сол жұлдыздардың ізімен мұхиттың арғы жағында ауқымды тур өткізеді.

Say Mo, рэпер:

- Сол коллегаларымнан көріп, не істейді екен. Beyonce енді перформероф патшайымы деп айтамын. Ол кісіден артық перформенсты жасайтын әртісті әлі көрмедім. Сол кісіні көремін, Розалия деген әнші бар, Келвин Харрис деген диджей бар. Сосын The Weeknd деген әнші бар, ол біздің қазіргі поп музыканың патшасы.

Сэй Мо – әр ісіне мұқият қарайтын әртістер қатарынан. Американың үш бірдей қаласында өтетін соло концертіне де білек сыбана кірісіп кеткеніне күмән келтіре алмаймыз.

Say Mo, рэпер:

- Мен негізі барлығына ұқыпты қарайтын адаммын.

Концерт билеттері дәл қазір сатылымда. Кіру құны 75 долларды құрайды. Ал, Сэй Моның Америкадағы жанкүйерлері оны асыға күтетіндерін инста парақшасында жазуда. Мөлдірге шығармашылық сапары сәтті болсын деп тілейміз.