Актриса Лаура Мырзахметова қолындағы билікті пайдаланып, Салтанат Серкебаеваға тыныштық бермей жүр.

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Шалқар, @aiudna

- Кикілжің, жанжал, өзара араздық. Актриса Лаура Мырзахметова мен Салтанат Серкебаева жаға жыртысуда. Бәз-баяғы ене мен келіннің арасындағы билік үшін тартысы. Ал, актер Еламан Есентай кімге жақтас боларын білмей әлек. Иә, бұл кезекті отандық фильмнің синопсисі. Біз бүгін «Сен Boss-ың» фильмінің түсірілім алаңына келдік.

«Сен BOSS-ың» - қоғамдағы актуалды тақырыпты көтеретін айрықша комедия. Аталмыш картинаның бюджеті 90 млн теңгені құрайды. Туындыда Еламан Есентаев пен Салтанат Серкебаева ерлі-зайыптылардың рөлінде. Актердың айтуынша, кинодағы жұбайымен өзара коннект құру оңайға соқпаған.

- Біздің естуіміз бойынша, кейіпкерің Олжас деген жігіт. Ол анасын да, әйелін де жақсы көреді. Кімді жақтайсың?

Еламан Есентаев, актер:

- Әйелі анасын жамандайды, анасы келінін жамандайды. Сөйтіп екі ортада қиналып жүрген жігіттің рөлін сомдаймын.

- Ал кинода Салтанат сенің әйеліңнің рөлін сомдайды екен. Өзара коннект қалай жүріп жатыр?

Еламан Есентаев, актер:

- Иә бірінші, екінші күндері коннект болмады Салтанатпен. Режиссерымыз кішкене ұрысты. Екеуіңде коннект жоқ, көбірек араласыңдар деп. Үшінші күні сьемка басталмас бұрын екеумізді отырғызып қойып, 15 минут бетімізге қарап отырдық өйстіп. Сөйтіп коннект пайда болды. Ақырын – ақырын, қазір жақсы досым Салтанат.

Бір қызығы, Еламан бұл комедияда байыпты жігіттің кейіпіне енеді. Сол себепті фильм сюжеті Есентаевты қатты қызықтырған.

Еламан Есентаев, актер:

- Мен бұндай рөлді бұрын-соңды сомдап көрмегем. Өзіме өте қызық болды. Қарапайым кәдімгі обычный адамның рөлін ойнау. Өйткені «Родной» фильмінде де, «Каникулы оффлайнда» да барлық жерде кішкене біртүрлі кейіпкерлерді ойнаймын да. Э ээ деп қалған. Әлеуметтік желіде «ене мен келін» хэштегімен талай вайн түсірген актриса Татьяна Турлайға да ерекше рөл бұйырған.

Татьяна Турлай, актриса:

- Менің атым Ирина осы сериалда. Мен Ресейден келген адам, мен қазақ тілін үйреніп жүрмін. Мен салт-дәстүрлерді үйреніп жүрмін. Мен бүгін сьемкаға бірінші рет келдім. Өте керемет жоба. Маған қатты ұнады. Супер, режиссер керемет. Түсірілім тобы өте керемет. Сериал өте көңілді. Қызық сценарий, өте керемет тақырып. Мен өте бақыттымын.

Айдана Шалқар, @aiudna

- Картина үлкен экрандарға желтоқсан айында шығады деп жоспарланып отыр. Кезекті комедияның бірі боп қала ма әлде көрерменнің жүрегіне жол таба ала ма? Оны бокс офисі көрсетеді.