«AYAFUNK» - алғашында Калифарнияның бишілері ретінде өнер көрсеткен еді. Жігіттердің жеке топ болып құрылуына себепкер - Фархад Қалиевтің өзі. Соның арқасында Аян Мұхтасипов бастаған хореграфтар бүгінде сұраныстағы бойзбендке айналды.
«AYAFUNK», тобы:
- Негізі бізде командамызда өте керемет кісілер, жаңағындай психолог деп айтуға болады. Иә, аналитиктер өте бәрін орын орнымен қойып отыр. Жалпы тек қана бұл менің деңгейім емес. Бұл жерде барлық команданың деңгейі бар. Сондықтан бізде болашақ алда әлі үлкен. Тек қана Қазақстан емес, мақсат жігіттердің өздері де біледі. Мақсат бүкіл Қазақстанды әлемге таныту.
5 жігіттен құралған ұжымның кәсіби білімі жоқ. Тикток арқылы танылған команда әуесқой музыканттардан құралған. Бүгінде өнерпаздар, өздері режиссер, өздері автор және өздері әр туындының монтажын жасайды.
«AYAFUNK», тобы:
- Өте үлкен дайындықтар жүріп жатыр. Артистизм, дайындық, би. Әртүрлі вокал жағынан қою, үлкен үлкен жұмыстар жүріп жатыр. Жалпы шыны керек біздің енді бірінші выход болғаннан кейін, бұл біздің бірінші жаңағындай мақтанбай-ақ, мақтанайыншы жақсы, не болыпты, неге мақтанбасқа? Біздің енді бұл потолок емес дитн әңгіме, яғни бұл біздің әлі 5 проценті деп айтуға болады.
Тиктокта 4 млн лүпіл жинап үлгерген «AYAFUNK» дәл осы платфоманың арқасында тез танылды. Жігіттер әр әнге әзіл араластырып, контент таспалайды. Дегенмен, өнерпаздар шетелге шығуға асықпайды. Әуелі елде ұлтан болып алайық деген ұстанымда.