Мәди Рымбаевты інісі Зейн қалай өзгертті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мәди Рымбаев шығармашылығын жаңа бағытқа бұрды. Өнерпаз бұдан былай жалғыз емес, топпен бірге сахнаға шығады. Ол Рымбаевтың продюсерлігімен құрылған бэк-вокал.

Мәди Рымбаев, музыкант:

- Мен былай екінші жолды таңдап, таза бэндтің жұмысымен істеп жатырмыз. Соған арнайы басқа әндер жазып, бір альтернативный шығармашылық деп айтсақ та болады. Әрбір концертте бірге ойнаймыз. Олардың барлығы менің ең жақын достарым болып табылады, және ат туралы негізі ойламағам, бірақ әлі ойлану үстіндемін.

Мәдидің альтернативті музыкасы мен жаңа жобасына енді арнайы жағдай жасалуы тиіс. Музыкант сонда ғана өнеріміз дамиды деп отыр. Яки, жаңа техникалық райдер түзіп қойған. Еске салсақ, Рымбаев-тегі бұған дейін анасы Роза Қуанышқызы мен ағасы Әли Оқаповтың бэк-вокалында талай музыкант болған.

Мәди Рымбаев, музыкант:

- Иә, ол былай қалай айтсақ болады. Біздің ұрпағымыз, кеше жасаған біздің аналарымыз әкелеріміз жасаған бір материалды ол бүгін жаңа аудиторияға көрсету. Оның арқасында біздің ата-бабаларымыздың материал ешқашан ұмытылмайды. Сол үшін осылай осылай әрқашан да еске салдырып жүреміз.

- Өзің бір мақсат тұтасың осындай дүниені ?

- Иә өйткені шынайы музыка ол әрқашанда өмір сүру керек, халық оны ешқашанда ұмытпау керек. Өйткені ол база.

Мәдиге шалқар шабыт сыйлаған – отбасыларының жаңа мүшесі - Зейін. Әли Оқаповтың тұңғышы Мәдидің сезімін оятқан екен.

Мәди Рымбаев, музыкант:

- Ол бала туылғаннан бұрын мен «махаббат» дегеннің не екенін шынайы түсінбедім. Бірақ сол бала туылғаннан кейін енді жүрегімде бір жаңа жүрегімнің жаңа бір деңгейі ашылған сияқты болады. Күнде сонымен жүремін, күнде далаға шығып серуендейміз.

-Нянясың?

- Няня, супер дядя.

Мәди жақында құрған тобының тұсауын кеседі. Әзірге ұжым «Мәди Рымбаев» атымен сахнаға шығады.