Алмагүл Сағындық, актриса:
-Просмотрлар ондай көп емес, бірақ мен оған даже ойланбаймын да, не рассчитывала ой миллион просмотр жинайды-ау деген. Білмеймін, мың адам көрсе де хотя бы екі-үш адам сол жерден бір нәрсе алса, қандай да бір ощушение алса, мүмкін ол ощушение дискомфорта, либо негатива либо восхищение болуы мүмкін. Ол значит менің жұмысым орындалды деген сөз.
Соңғы кездері Алмагүл актрисалықтан бөлек, «Төбе» лейблының резиденттері қатарында.
Алмагүл Сағындық, актриса:
-Төбе шығармашылық одақ ол. Ол жерде мен резидентпін және резиденттерден бөлек әркімнің өзінің атқаратын жұмыстары бар, артистар бар, директорлар , продюсерлар бар, музыкалық продюсерлер бар и мен ол жақта художественный руководительдің рөлін атқарамын. Яғни искусствоға жауап беремін, ощушениеларға жауап беремін.
Алмагүлдің айтуынша, «Төбенің» мақсаты - заманауи музыка мен театр арқылы қазақ тілін дәріптеу. Актриса осы алаңда жүріп екінші бейнебаянға да режиссерлық еткен.
Алмагүл Сағындық, актриса:
-Маған кадрдың сыртында болған көбірек ұнады, кадрдың ішінде болғаннан. Сен актриса болған кезде сен исполнительсің, сен біреудің ойындағысын атқарасың, жасайсың, воплощать етесің. Ал сен режиссер болған кезде Сен режиссер болған кезде сен өзіңді толыққанды художник сезінесің. Бұл сенің нәрсең, сенің айтарың, сенің посылың.
Жас актрисалар арасында топ жарып жүрген Алмагүл Сағындық басты рөлді сомдайтын екі бірдей фильм биыл жарық көрді. Оның бірі Баян Алагөзованың авторлық «Бақыт» жобасы мен афералық комедия «Сенбе».
Үлкен жобалар мен веб-сериалдардың жұлдызына айналған Алмагүл болашақта өзінің толықметрін таспалауға ниетті. Жас актриса ауқымды жобаны жасау үшін уақытты күтудің қажет жоқ деп отыр.
Алмагүл Сағындық, актриса:
-Әрине ойда бар. Енді қорқыныш жоқ. Яғни «ой мен үлкен проект түсірсем, қалай болады екен» деген сияқты. И біреу айтты да «неге откладывать? Істейтін нәрсені неге сразу істемеске? Фильм түсіру ойда бар, қорқыныш жоқ. Мен жасай алатыныма сенімдімін өзімнің. Уже қандай бағытта, қандай не екенін білем, бірақ әлі жаңағыдай ішімде процесс жүріп жатыр. Қағазға түсіру процесі де басталып кетті.
Одан бөлек, Алмагүл бүгінде радио жүргізуші. Кезінде Мәскеуде, «Comedy Club», «Танцы» сынды жобалардың модераторы болып қызмет еткен актриса осылайша әр саланы байқап көрмек.
Алмагүл Сағындық, актриса:
-Мен өзімді таптым деп ойлаймын. Мен профессиямды ауыстырып жіберген жоқпын ғой , барлығы осының айналасында. Бір-біріне көмегін тигізбесе, бір-біріне кедергі жасамайды. Мен просто отырып проект жоқ деп жата бергім келмейді. Енді ол құлазуға алып келеді. Лучше өзім жасайын.