Жаңа пәтер немесе фильм? Жахан Отарғалиев үшінші кинотуындысын таспалауға кірісті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Пәтер алу немесе фильм таспалау! Жахан Отарғалиевтің тағы да таңдауы киноға түсті. Актер күні кеше продюсер ретінде үшінші картинасының түсірілімін бастады. Бірақ лентада басты рөлде бұл жолы Жаханның өзі емес, Әбілмансұр Серіков. Толығырақ Гүлдана Мұқан айтып береді.

 

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Жаһан Отарғалив өз жолын кинопродюсерліктен тапты! Алғашқы таспалаған «Джохан» фильмі 850 млн теңге касса жинап, сатқан үйінің шығынын он есе өтеп берді. Екінші бөлімі мамырда үлкен экрандарға шығады. Ол – бүгін үшінші картинасын таспалауға кірісті.

«Көзімнің қарасы»! Жаханның кезекті жобасының әзірге жұмыс атауы осы. Драма аралас комедияның сценарийі бір жыл бұрын жазылған. Ал оның сюжет желісіне зағип жандар тақырыбы негіз болған.

Жахан Отарғалиев, актер, кинопродюсер:

- Үшінші жоба бастар алдында ештеңізді сатқан жоқсыз ба?

  • Сататын нәрсе бітіп қалды ғой менде, негізі бұл жобаның алдында үй аламын деп дайындап отырған бір квартирам бар еді, әлі бітпеген ғой, соны да бітпей тұрып сатып жіберемін ба деп ойланып отырдым да. Бірақ шүкір ақша жетті.
  • Сіз енді кинопродюсер ғана емес площадкада басты рөлдердің бірісіз, бүгінгі образыңызға тоқталайықшы. Мынау негізі менің білуімше соқыр адамдарға арналған?
  • Иә бұл көзі көрмейтін жандарға арналған. Бұл кинода көзі көрмейтін адамдардың керісінше көзі көретін адамдарға қарағанда өте жақсы ойланатынын, өте жақсы шешім қабылдай алатынын, соның барлығын көрсеткіміз келіп тұр.
  • Бір құпия мына очки шыныда да көзді көрсетпейді, қара, мен тексеріп көрдім. Қиын емес па олай ойнау?
  • Қиын, өте қиын. Мен өте көп дайындалдым.
  • «Джохан» фильмі сәтті шықты, екіншісі әлі көрерменге жол тартқан жоқ. Қалай ойлайсыз екіншісі біріншісін басып оза ала ма?
  • «Джохан - 2»-ні 3 рет барлығымен бірге отырып қарадым, барлығының айтып жатқаны біріншісіне қарағанда екіншісі намного лучше.
  • Біріншісі 850 млн теңге жинады деп айтыпсыз, екіншісі миллиардқа жететін шығар?
  • Әумин, сол күнге жетейік.

Жахан Отарғалиев, актер, кинопродюсер:

- Алғашқы рет үлкен кинода басты рөлді сомдап отырған – Әбілмансұр Серіков.Манс өзіме актер ретінде қатты ұнайды, сол себептен.

Әбілмансұр Серіков, кино және театр актері:

- Алғашқы комедиям шығар.

- Қателеспесем жобаларды таңдап, талғап түсесің, бұл жоба сені несімен қызықтырды?

  • Қалай айтсам екен десең да, \күледі\. Сценарийі қызық. *01:20 Жаханның тарапынан осындай бір ұсыныс болғандықтан, содан кейін келістім. 
  • Драма және комедия деп айтып жатыр, қалай ойлайсыз, көрермендер жылай ма әлде күле ма?

Жас актриса әрі әнші Ақерке Назарбаева үшін бұл фильм дебюттық болмақ. Өнерпаз кастингте 20 үміткер арасынан көзге түсіп, рөлге бектілген.

Ақерке Назарбаева, актриса:

- Сенің шығармашылығыңда толықметр ғой, қорқыныш бар ма?

- Иә. Қорқыныш та бар, қуаныш та бар, бәрі бірге.

- Негізінде актрисалық кәсіби білімнің бар ма?

-Жоқ.

- Бірақ сен бұған дейін телехикаялардан, бейнебаяндарда түсіп жүрсің.

- «Тағы бір тоқсан болған», «Замандастар», «Сарайы сыры», «404».

- Біршама тәжірбиең бар екен.

Жахан Отарғалиев осылайша үшінші жобасы арқылы жаңа есімдерді танытқысы келгендей. Актерлық құрам ғана емес, түсіруші топ та жастардан құралған.

Жахан Отарғалиев, актер, кинопродюсер:

- Бақытжан деген азамат бар осы жерде, сол кісі негізі Америкада оқып келген, ол продюсерскийді оқыған, режиссураны оқыған. «New York Film academy» болған соң, жан-жақтың барлығын оқыған.

Бақыт Қадыр, режиссер:

- «Джохан 1», «Джохан 2» кинофильмдерінде продюсер болғанмын және мынау біздің үшінші проект болғаннан кейін, командамен ақылдаса келе, неге өзім режисерлықты алып көрмесе деген ой түсті.

- Сіз туралы ақпарат іздегенде «New York Film academy»-да оқып келгеніңіз көрдім, қай уақыттары болған еді ол?

- 2015-2018 жылдары аралығында «Болашақ» степендиясы бойынша Лос-Анджелес, Нью-Йорк қалаларында оқып келгенмін. Шерхан оператор екеуіміз барынша раскадировакаларын, мезан сценаларды андай ерекше қылуға тырысып жатырмыз.

Түсірілім алаңында блогер Dake zzz-ді де көзіміз шалды. Сөйтсек, желі жұлдызы киноға түсу үшін бірақ тер төккен көрінеді. Бұл оның үлкен кинодағы алғашқы қадамы.

Дәулет Исраил, блогер:

- Аудиториямды подключать еттім уже, өйткені режиссер айтты сен ұнап тұрсың бірақ Жахан әлі утверждения берген жоқ деді. Мен ойлағам через постель өтемін деп десең иә. \күледі\ болмай қалды десең иә. Мен өзім бір атака жасайын дедім ол кісі шешім қабылдамай жатып.Өзімнің оқырмандарымнан, подписчиктарымнан көмек сұрадым.. Бір 2 сағаттан кейін Жахан аға звондады ғой. Дайректім істемей қалды, өшірші стористарды деп.

- Енді сен НТК арнасының көрермендеріне таныссың «Шыңға шық» телехикаясынан кейін. Ол сериал, енді үлкен метр айырмашылығы, қиыншылығы қалай болып жатыр?

- Біз сериалда күніне бір 10-12 сцена түсіретінбіз, тез тез түсертінбіз, ол жақта диалогтар көп еді. Ал мына жақта диалог емес больше действия, өйткені ол үлкен экранда оказывается барлығы детально көрінеді, көзбен көрінеді.

- Кәсіби актерлармен ойнау барысында бір қорқыныш туындамай ма бойыңда?

- Аян Өтепберген атындағы үлкен академия бітіргем.

Таспаланып жатқан драмалық комедия күзде кинотеатрларға жол тартпақ. Тың тақырыпты көтерген Отарғалиевтың туындысына көрерменнің өзі сол кезде баға берер.

Еркен Губашев, актер:

– Бұл фильмнің өзгелерден ерекшелігі бұл жерде өмір бар. Чарлин Чаплин айтқандай комедияда, трагедияда біздің айналамызда. Сондықтан әр көрермен өзіне керегін алады.