“Бақыт” фильмінде Баян Мақсатқызының өмірі көрсетіле ме? | Revue News

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, тілші:

Қазақстандағы әрбір үшінші әйел зәбір көріп, жылына 400-ге тарта келіншек күйеуінің қолынан қаза табады. Бұл тізімде әртістер де, табысты әйелдер де, тіпті мінбердегі мінсіз көрінетін сылқымдар да бар. «Бақыт» картинасы дәл осы тақырыпты қозғайды.

Баян Алагөзова, продюсер:

- Көрермен бұл киноның сценарийі сіздің өміріңізден алынған деп жатыр. Расында солай ма?

- Мен көрген қорлықты, өлім аузындағы сәтті Қазақстандық мыңдаған әйел басынан өткізген. Әуелі соны түсіреміз деген ой болған. Дегенмен, шынайы оқиғалардың жиынтығынан құралған, барлық әйелдің тағдыры топтастырылған картина жасадық.

Асқар Ұзабаев, режиссер:

- Фильмнің идеясы Баянға тиесілі. Ашығын айтсам, Баян есін жиған кезде мені шақырып, тұрмыстық зорлық жайлы фильм таспалағысы келетінін айтты. Мені құдайдың аман алып қалуында, үлкен мән бар. Енді, өзге нәзік жандыларға пайдам тиюі тиіс деді.

Бақыт - «А» санаттағы санаулы кинобәйгенің бірі «Берлиналеде» топ жарған! Бәсекелес 29 картинаның ішінен «Көрермен көзайымы» болып, триумфатор атанды. Кинокритиктер бұл номинацияны әдетте шынайы баға деп біледі. Себебі көрермен фильмді тамашалаған соң, әділ бағасын білдіреді. Былайша айтқанда, «бармақ басты, көз қысты» жүрмейді.

Асқар Ұзабаев, режиссер:

- Киносыншылардан, көрерменнен жүздеген жағымды пікірлер естідік. Ең маңыздысы кәрі құрлықтағыларға тіпті жаһанға бұл мәселе таныс. Шет елде тұрмыстық зорлыққа заң қатаң болса да, ол жақтың статистикасы күн санап артып жатыр.

«Бақыт» картинасын көрермен ұзақ күтті. Фильм кинобәйгелерді 2 жыл аралап, енді үлкен экранға шықты. Лентаны алғашқылардың бірі болып көру үшін шоу-бизнес өкілдері түгелдей жиналды. Еске салсақ, Мақсатқызының жобасы мансабындағы 21-ші кинотуынды.

Краудфандинг яки көрермен аударған қаражатқа картина таспалау әдісі. «Бақыт та» - осы мехинизммен жасалған жоба. Аз кем уақытта арнайы алаңға 20 000 доллар жиналған. Бұдан бөлек 30 000 долларды продюсердің жұбайы – Тұрсын Алагөзов берген. Қалған сомманың бәрін Мақсатқызы өз қаражатына таспалады.

Баян Алагөзова, продюсер:

- Жалпы, фильмді жасап шығуға 75 миллион теңге жұмсалды. Асқар Ұзабаев техникамен қамтамассыз етуде зор жәрдем берді. Жобаны аяқтар тұста, біраз сомма жетпей қиналғанда, күйеуімнен сұрауға тура келді.

- Коммерциялық жобалардан енді арт-хаусқа ауысқаныңыздың белгісі ме?

- Авторлық киноларға продюсер болу – оңай іс емес. Өйткені, прокатта өзін ақтап шағады деген сенім болмайды. Бұл деңгейге жетуім үшін – жылдар бойы жиған тәжірбием мен қаражатым қажет болды. «Бақыт» -тан соң біз ашаршылық жайлы тағы бір арт-хаус картина таспалап үлгердік.

Алмагүл Сағындық есімі кейінгі кезде әрбір айтулы картиналардың басты кейіпкері ретінде аталады. Актрисаға сұраныс соңғы кезде тым артқан.

Алмагүл Сағындық, актриса:

- Бақыт ол - үлкен проект. Бұл менің алғашқы полный метрім. Мен түскім келмейді комерческий проектарда дегем, мен авторлық проекттерде түскім келеді деген ой болған. Сол арманым орындалды.

- «Бақыт» картинасының мақсаты - абьюзинг, зорлық тақырыбы. Өзіңе осы тақырып таныс па?

-Қарапайым квартирада тұрсаң, квартирада көршілердің қалай бір-бірін ұрып соғып жатқан айғау шуын естіп жатамыз.

«Бақыт» картинасының басты кейіпкері – Лаура Мырзахметова. Бұрын соңды кинодағы бейтаныс бейне. Дегенмен, Лаура – кәсіби театр актрисасы, ұстаз. «Бахытта» оған санаға салмақ салатын психологиялық және ашық сахналарға түсуге тура келген.

Лаура Мырзахметова, актриса:

- Сіздің орныңызға жеті танымал актриса бекітілген деп естідік. Бірақ ол кісілердің күйеуі осы тақырыпқа келгенде қарсы болыпты. Сіздің жағдайыңызда қалай болды?

-Менің жағдайымда күйеуім көп ойланды, бірақ енді жолымды байламайын деген себеппен, жолдасым жағынан қолдау өте жақсы.

-Осы фильмге түсу барысында сізге ең қиын тұсы?

- Бір сахнаны біз 3 күн түсірдік. Өйткені реквизит ұшып кете берді, жасалаған реквизит сынып қала берді. Ерболат мені сабайтын кезі бар, балғамен ұратын кезі сол сахнаны біз 3 күн түсірдік. Үшінші күні Ерболат сотрясения мозга алды ғой

Гүлнұр Мамасарипова, продюсер:

- Кинодан қандай әсер алдыңыз?

- Менің ойымша адамдар, өмір бақи бірін-бірі қинап, бірін-бірі қорлап, бірін-бірі зорлап өмір сүріп, бақытты бола алмайды.

Данияр Хизметов, блогер:

-Бұл фильмнен кейін кішкене жүрекке салмақ түсті. Соған қарағанда авторлардың мақсаты орындады.

Данияр Хизметов, блогер:

- Қалай ойлайсыз ер азаматтар не себепті абьюзер болып келеді?

- Өздеріне сенімсіз. Әйелді кемсіту арқылы, өзін көтереді. Себебі ол әлсіз адам.

Баян Алагөзова, продюсер:

- Вы знаете этих абьюзеров прежде всего воспитывают их матери.Это недолюбленные дети.

Алмагүл Сағындық, актриса:

  • Өзіңнің өміріңде жігіттер тарапынан абьюзерлік болды ма?
  • Жоқ. Жоқ ондай болмаған. Менің ойымша мүмкін басынан бастап өзніңнің границаңды қойып тастау керек сияқты. Со мной так нельзя дегендей...

 

Гүлдана Мұқан, тілші:

  • Бұл коммерциялық кино болмағандықтан кассалық жиыны топ жарады деген жорамал жоқ. Бұл Баянның ойы. Нәтижесін прокат көрсетеді.