Сымбат Сағындық, тілші:
– Жеңісхан Момышев араға уақыт салып, әншілікке қайта бет бұруда! Бүгін арн би орындаушы су жаңа клипінің түсіріліміне кірісіп кеткен. Трек не туралы, қашан жарыққа шығады?
Бұйрабас! Бұл Жеңісханның жаңа бейнебаянының аты. Әнші аталмыш түсірілімге тыңғылықты дайындалған. Тіпті 1 жылдай шашын өсірген. «Туындыда сиқыр мен шығыс сұлулығын көрсеткім келеді»,-дейді ол.
– Жеңісхан клипіңіздің түсірілімімен құттықтаймыз! Араға қанша уақыт салып әншілікке қайтадан бет бұрып жатырсыз?
–Соңғы клипім «Бизнес по казахский» болды, саундтрек.
Осыдан алты жыл бұрын. Алты жылдан кейін енді алдында сол «Бұйрабасқа» түсіреміз деп жүріп, енді түсіріп жатырмыз. Осы жылы да енді шашымды өсіріп, восточный стильде, қазақи бар ішінде, шаманизм дейді ғой, сондайды қосып жатырмыз.
«Бизнес по-казахский», «Бизнес по казахский в Америке», «Базар жоқ, Мексика», «МногоДедный»! Бұл Жеңісханның кинодағы карьерасы.Бірақ, қазіргі таңда ол тарапта тыныштық. Өйткені, әртіс фильмографиясынан бұрын музыкасын ілгерілетуді жөн санап отыр. Дегенмен, режиссерлықта алар биігім алда де»ді.
Жеңісхан Момышев, әнші:
– Клипмейкерлік, режиссерлық, әншілік. Әр саланың басын бір шалып көріп жүрсіз. Сіз өзіңізді жоғалтып алдыңыз ба әлде іздеп жүрсіз ба? Қай санатқа жатқыза аламыз?
-Жоғалтып алдым деп айта алмаймын. Сегіз қырлы бір сырлы болу керек. Бір жұмысты алып, аяғына дейін жасамай кетсең онда айтуға болады. Киноға келетін болсақ «Бизнес по казахски» ол франшиза болды, қаншама киноларды орнына қойдым. Клипмейкерствода тоже көп клип түсірдім. Әнші жағынан атақты болдым, әнші болдым. Сондықтан әр нәрсенің басын алып жүрмін деп айта алмаймын. Еркек барлық салада жұмыс істеп көруі керек.
Жеңісхан Момышев, әнші:
– Сіз капризный әртістердің қатарынансыз ба? Мысалы: Мынаны кигім келмейді, былай жасайық дегендей...
Иә, иә... Жаңа да мысалы болып жатыр, керек нәрселер алынбаған. Керек нәрсе площадкада болмаса, көп қаталмын ондайға. Ойда болады, ойдағы нәрсені түсірмесең кішкене жынданасың сол үшін.
Кәсіби клипмейкердің ашуына тиетін тағы бір дүние ол қазіргі таңда трендке айналған «Мood video-лар». «Жалқаудың жұмысы»,-деп қысқа қайырды Жеңісхан.
Жеңісхан Момышев, әнші:
– Муд видео дегеннен құтылу керек. Қазір әрбір әнші муд видеоға көшіп кетті ғой. Муд видеода творчество жоқ. Муд видеоны түсіре беретін болсақ, бүкіл каналдардың бәрі скоро өледі. Өйткені крутить ететін, көрсететін клиптары жоқ. Сондықтан әншілер жұмыс істеуі керек. Муд видео деп, тикток келді екен деп... Тиктокқа түсіріп, өздері 3000 долларға, 3 миллионға выступать етіп жатыр мысалы иә?! Бірақ соның ақшасын ақтап, творчествомен заниматься ету керек.
Сымбат Сағындық, тілші:
-Ол клипмейкер де, кинорежиссер да, актер да, әнші де болды. Дегенмен тізімнің соңындағы сала, жүрегіне жақын екенін ұқты. Аз уақытта Жеңісхан Момышевтың клипін күтіңіз.